Қомақты айыппұлдан құтқарды
Аққайың ауданының кәсіпкеріне экологиялық заңнаманы бұзғаны үшін 400 мың теңгеге жуық айыппұл төлеу қаупі төнген
Бизнесмен әйел Елена Сергиенкоға салықтық заңнаманы бұзды деген айыппен ескертпе хат келеді. Мемлекеттік кіріс басқармасы оны қоршаған ортаға эмиссия үшін алым төлеуге мәжбүрлеуге тырысқан. Қазынашылық органда кәсіпкерге мән-жайды былай деп түсіндіреді: қоршаған орта эмиссиясына рұқсат құжаттарды, яғни шығарылған өндіріс қалдықтары мен ластандырушы заттардың іс жүзіндегі көлемін, 2011-2015 жылдары аударылған салық көлемінің дұрыстығын растайтын стационарлық көздерді тұтыну туралы деректерді ұсыну қажет немесе заң бұзушылықтарды жою керек.
Кәсіпкер СҚО Кәсіпкерлер палатасы филиалына жүгінген. Осылайша, кеңесшілер мемлекеттік кіріс басқармасына өкілетті орган тарапынан өндіріс қалдықтарын есептеу және тексеру орын алмағаны туралы хат жолдаған. Яғни, ескерту жасауға еш себеп жоқ.
«Бұдан бөлек, ҚР Экологиялық кодексінің 283-бабының 2 және 5- тармақшаларына сай қалдықтарға берілетін меншік құқығын басқа тұлға сату-сатып алу, айырбастау, сыйға тарту келісімшарты немесе келісімнің басқа түрі негізінде жүзеге асыра алады. Себебі, Сергиенко Е.А. мен Сергиенко В.Д. 2010 жылы өзара сыйға беру келісімшартына қол қойған. Ол бүгінге дейін күшін жоймаған. Барлық жағдайды ескере келе, шешім кәсіпкердің пайдасына шығарылды», – дейді Аққайың аудандық КПФ директоры Руслан Аитов.
«Менің басқа амалым болмай, 400 000 теңге айыппұлды төлеуге дайын болдым. Кейін ойлай келе, бұл шешіммен келіспейтінімді дәлелдеуге бел будым. Әріптестерім маған өз құқығымды қорғау үшін Кәсіпкерлер палатасына көмекке жүгінуге кеңес берді. Палата маған заң жағынан көмек берді. Палата мамандары мен мемлекеттік органдардың араласуымен мәселе оң шешімін тапты», – дейді Елена Сергиенко.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: