«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Шаруа жерсіз қала жаздады

2016 жылғы 07 Шілде
- Ақмола облысы
6320 просмотров

Өңірлік Кәсіпкерлер палатасының Ерейментау аудандық филиалының арқасында фермер тағы да жалға жер алды

2010 жылы Бестоғай ауылының тұрғыны Алик Қалибеков «Қалибек» шаруа қожалығын ашқан. Ол кезде ол аудан әкімдігіне барып, мал жайылымы мен шөп шабуға арналған жер телімін бөлу туралы өтініш айтқан. Жергілікті әкімшілік оған 166 гектар жерді 5 жыл мерзімге дейін ұсынған.

Жер телімінің бос тұрған кезі жоқ. Аграрий оны айдап, көпжылдық шөптер еккен, олар жерге тез бейімделіп, жыл сайын жақсы өнім салатын.

2015 жылы, жалға алған мерзім аяқталғанға екі ай қалғанда, фермер жер телімін пайдалануды тағы он жылға созу өтінішімен жергілікті әкімдікке барған. Алайда жер комиссиясы оған жер ұсынудан бас тартқан, олар жер телімі мақсатсыз пайдаланылған-мыс деген уәж айтады.

Әділ шешім іздеген шаруа мемлекеттік органға тағы барады. Жер телімін транформациялау туралы өтінішті қайта қараған жер комиссиясы бұл жолы оған рұқсат бермекке шешеді. Бірақ фермерді тағы қырсық шалады: әуре-сарсаңмен жүріп, жер комиссиясының шешімі пошта арқылы кеш жіберілген. Ал хатты алу кезінде жер телімін жалға алу туралы шарт мерзімі өтіп кеткен. Салдарынан фермер жер телімін жалға алу шартының мерзімін ұзсартпақ түгілі, оған иелену құқығынан да айрылып қалады.

Биылғы жылдың көктемінде Қалибеков ӨКП Ерейментау филиалына барып жүгінген. Құжаттарды тексеру кезінде заңгер бірқатар заңбұзушылықтарды анықтайды. Нақтырақ келтірсек, ауылшаруашылық мақсаттағы жерлерді мақсатты пайдалануды бақылау міндеттеріне жауап беретін жергілікті атқарушы орган мамандары өз қызметіне салғырт қараған. Келтірілген мәліметтер шындыққа жанаспайтын болып шыққан, егілген көпжылдық шөптерімен бірге жер телімі де тексерістен өтпеген.

Алынған деректер негізінде әкім атына аудандық филиал ресми сұрау салады. Туындаған заң бұзушылықтарды әкімдік мойындап, фермерге алдыңғы жердің орнына 10 жыл мерзімге 200 га жаңа жер ұсынылды.

Бүгінгі күні Алик Қалибеков жер телімін пайдалануға байланысты барлық қажетті процедураларды жүргізуде.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер