«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Екі жыл жазылған хаттар жемісі...

2016 жылғы 07 Шілде
- Шымкент қаласы
6564 просмотров

Кәсіпкер екі жылдан астам жергілікті атқарушы органмен хат жазысқанымен, жерге иелік ету құқығына Палатаға өтініш білдіргеннен кейін ғана ие болды

«Оңтүстік құрылыс сервис» ЖШС үш жыл бұрын ОҚО әкімдігімен «Сайрам-2» және «Тассай» кен орындарынан құм мен қиыршық тас қосындысын игеруге келісімшартқа отырған. Келісімшарттар «ҮИИД» бағдарламасы аясында өндірістің кеңеюіне байланысты жасалған еді. Уәкілетті органдар кәсіпкерге жер қойнауын пайдалануға тау-кен телімін берген. Құм мен қиыршық тас қосындысын игеру үшін екі келісімшартқа да жобалық құжаттамалар дайындалып, мақұлданған. Алайда, бұған қарамастан, кәсіпкер облыстық әкімдіктен кен орнының ішіндегі екі жер телімін пайдалану құқығын ала алмаған. Ал жерге құжаты болмағандықтан, жер қойнауын пайдаланушының игеру жұмыстарын жүргізуге құқығы жоқ еді.

Сол аралықта кәсіпкерде келісімшарт талаптарын орындамауы себепті табиғатты пайдалану басқармасымен құқықтық дау-дамайлар басталып кетеді. Сот жер телімдерін алу үшін кәсіпкер ешқандай шара қолданбаған деп санаған, сондықтан да ол келісімшартта көрсетілген аумақты алмағаны үшін кінәлі боп шыққан. Кәсіпкердің бұрынғы жері де келісімшарт міндеттемелерін орындауға жеткілікті еді. Соттың пікірінше, алақандай екі жердің болмауы келісімшарт міндеттемелерін толық орындамауға негіз болмаған. Осыған байланысты оған 6 миллион теңге айыппұл салынады. Кәсіпкер айыппұлды төлеп, әкімдікке хат жазуын жалғастыра берген.

Сол мезетте ЖШС-ны прокуратура тексеріп, жер қойнауын пайдалану келісімшартынының бұзылуын жою туралы тағы да нұсқама жазылады. Кәсіпкер кен орындарындағы екі жер теліміне құқық алып беруге көмектесу үшін Палатаға келуге мәжбүр болды.

Кәсіпкер әкімдікпен екі жылдан астам уақыт бойы жазысқан хатының ешқандай нәтиже бермегеніне ызалы. Жер телімін беру мәселесі қаралған жер комиссиясы оған ылғи жер беруден  бас тартып келген.

Мәселенің мәнін бағамдаған Палата сарыпшылары мынаны анықтады: кәсіпкердің барлық құжаттары уәкілетті органдармен мақұлданған,  мемлекеттік акт пен жер қойнауында жұмыс істеу мерзіміне жалға алу шартын алу ғана қалған. Кәсіпкерге тыйым салынған жерлердің координаттарын көрсете отырып, ОҚО әкіміне хат жазу туралы кеңес берілді. Одан кейін кәсіпкердің мәселесін жер комиссиясында қарау қажет еді. Алдымен, кәсіпкерге жетпейтін құжаттарды дайындауға, одан кейін құрамына Палата өкілдері кіретін жер комиссиясында оның жерді пайдалану құқығын сақтап қалуға көмек берілді. Жер комиссиясы кәсіпкердің құм мен қиыршық тас қосындысын игеру үшін сұраған жер телімдеріне қысқа мерзімді жерді пайдалану құқығын ұсыну туралы шешім шығарды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер