«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Дағдарыс күшейсе, ҚР банк саласы оған төтеп бере ала ма?

2016 жылғы 28 Маусым
14824 просмотров

2016 жылдың басынан бері қызметті қаржыландырудағы екінші деңгейлі банктердің жеке қаражатының қатысу үлесі 11%-ға дейін артты

ҚР банк секторы алты ай қатарынан жиынтық жеке капиталының көлемі бойынша тарихи рекордты жаңартып келеді – 2016 жылдың сәуір айының соңына дейін оның мөлшері 2,6 трлн теңгеге жетті, делінген Ranking.kz қызметінің хабарламасында.

2015 жылдың маусым айындағы жалпы банк капиталының 44 млрд теңгеге шамалы азайғанынан кейін, орташа алғанда ай сайын 32 млрд теңгеге артып келеді.

Жеке қаражатының артуы ҚР банк секторы өсімінің сәйкес деңгейін демеп тұр. Күрт өсу өткен жылдың екінші жартысында да басталған еді, тамыз айында ЕДБ активтерінің көлемі бірден 1,2 трлн теңгеге немесе 11%-ға артты.

Экономикадағы ахуал күрт нашарлаған жағдайда Қазақстанның банктері өздерінің несиелік және өзге қызметтерін жеке қаражаттары есебінен қаржыландыруды арттыру арқылы нығаюға және сыртқы ресурстарға тәуелділікті азайтуға талпынуда. Алғашқы постдағдарыстық жылдарда банк секторы алдымен шетелдік инвесторлар алдындағы өздерінің міндеттемелерін қысқарту арқылы төтеп беруге тырысты. Бұл кезеңде ЕДБ капиталының активтерге ара қатынасы 3-4%-ға дейінгі деңгейге түсті. Одан кейін жағдай тұрақтанды, ЕДБ активтеріндегі жеке қаражаттарының қатысуы 2013 жылдан бастап 2015 жылдың бірінші жартысына дейін капитал/активтердің көрсеткіші 13-14%-дық деңгейге дейін артты.

2015 жылдың тамыз айынан бастап ЕДБ клиенттерінің валюталық міндеттемелерінің құнын қайта есептеу жағдайында жеке қаражатының банк секторы мөлшеріне ара қатынасы 10%-ға дейін азайды. Алайда, осы жлдың басынан бастап нарық позициялардың қайта қалпына келгендігін көрсетіп отыр.

ҚР ЕДБ арасында Халық банк, Қазком және ForteBank ықтимал тәуекелдерді жабуға қажетті қомақты қорларға ие. 2016 жылдың сәуір айының соңындағы жеке капиталының мөлшері сәйкесінше 517 млрд теңге, 461 млрд теңге және 168 млрд теңге.

Қазақстанның 10 ірі банктерінің арасында ForteBank-тың позициясы берік, банктің әлеуетті шығынын жеке капиталы есебінен жабуы 16,2%-ға бағалануда. Соған қоса банк бір жылдың ішінде 10 ЕДБ арасында капиталдың активтерге қатысты аз ғана түсу деңгейін көрсетті. Бар-жоғы 1,1 пайыздық пункт.

Бір жыл бұрын рэнкинг көшбасшысы Халық банк болған еді, оның капиталдың активтерге қатысты ара қатынасы 17,5% болған, алайда бір жылды ішінде сенімділік деңгейінің көрсеткіші 4 пп-ға түсіп, 13,4%-ды көрсетті.


Ұқсас жаңалықтар:

Еншілес ұйымдар

Серіктестер