«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Астана жаңа салынған тұрғын үйлер бойынша көш бастап тұр

2016 жылғы 24 Маусым
11904 просмотров

Қаңтар-мамыр айларында Қазақстанда 4 млн шаршы метрге тарта жылжымайтын мүлік пайдалануға берілген

Астана жаңа салынған құрылыс саны бойынша бірінші орында. Солтүстік облыстардағы құрылыс нарығының белсенділігі төмен деңгейде, деп хабарлайды Ranking.kz сараптамалық қызметі.

Қазақстанда 2016 жылғы қаңтар айынан мамыр айына дейін 3,9 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілген, бұл былтырғы жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 20%-ға көп. Бұл тұста, бір жыл бұрынғыдай, елорда тұрғын үй ғимараттарын пайдалануға беру жөнінен көшбасшылық орыннан түсер емес (964,3 мың шаршы метр тұрғын үй). Пайдалануға берілген тұрғын үй ғимараттарының ауданы бүкіл ел бойынша көрсеткіштердің 24%-на тең. Екінші орында Алматы тұр (726,9 мың ш.м), үшінші орында – Алматы облысы (442,6 мың ш.м). Қазақстанның солтүстігіндегі тұрғын үй құрылысы нарығының белсенділігі кеміген. Павлодар облысы мен СҚО-на есептілік кезеңінде жаңадан салынған ғимараттардың жалпы ауданының 1,6%-ы ғана тиесілі болып отыр.

Пайдалануға берілген пәтерлер саны 33,9 мыңға тең болған, жеке салушылар – 13,6 мың бірлікке тең немесе  шамамен 40%-ды құрап отыр. Жаңа пәтерлер санының артуы бір жыл ішінде 19,2%-ға өскен немесе 5,5 мың бірлікке тең болған. 5 жыл ішінде жаңа пәтерлер саны екі есеге дейін артқан.

Жаңа тұрғын үйлердің жартысынан көбі (55,4%) Астана, Алматы қалалары және Алматы облысының үлесіне тиесілі. Бұл тұста, егер Астана (өсім – 20,5%) мен Алматыда (өсім – 30,6%) пайдалануға берілген пәтерлер артса, Алматы облысында олардың саны кеми (-20,2%) түскен. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер