«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Кәсіпорын банкрот болуға тиісті емес

2016 жылғы 21 Маусым
- Жетісу облысы
9186 просмотров

Кәсіпкерлер палатасының заңгері компанияны күйреуден аман алып қалды

«Комбиснаб» акционерлік қоғамы ісінің тарихы 2013 жылдан, компанияны оңалту рәсімін енгізген кезден басталады. Атап өтелік, кәсіпорын балықтың, үй құстарының және ауыл шаруашылығы жануарларының барлық түрлеріне арнап түйіршіктелген және түйіршіктелмеген құрама жем өндірумен және өткізумен шұғылданады.

Жарияланған оңалту рәсіміне қарамастан, жаңадан тағайындалған басқарушы және екі кредитор сотта АҚ-ны банкрот деп тануды сұрады. Өтінім берушілердің пікірінше, кредиторлар алдындағы міндеттер ұзақ уақыт бойы орындалмайды, компанияның  бұдан былай кәсіпкерлік іс-қызметті жалғастыру мүмкіндігі жоқ. Талапкердің бағыт-тұғырын Мемлекеттік кірістер департаменті  өкілі де қолдады. Сотта бәрі басқаша екендігі анықталды. Еңбек ұжымының өкілі А.Солохин кәсіпорында 60 адам жұмыс істейтінін және ай сайын еңбекақыны кідіріссіз  алып отырғанын растады.

«Компания өндіретін өнім Қазақстан нарығында да, жақын шетелде де өте қажет. Кәсіпорын қазіргі күні тапсырысқа кенеліп отыр, яғни егер өнімнің өнімділігін ұлғайтса, өндірістік желіні жетілдірсе, кәсіпорынның табысы да артады»,– деп түйіндеді акционер Вячеслав Ан. Сонымен қатар анықталғаны: оңалту рәсімі үш жыл бойы табысты жүрді: компания еңбекақы, зейнетақы және әлеуметтік аударымдар бойынша берешекті толығымен өтеп отырды. Сондай-ақ қазір кәсіпорынның өнімділігі елеулі түрде артты, бұл қаржылық жай-күйге жағымды әсер етті.  

«Сот мәжілісінде 2016 жылдың 1-30 мамырында кәсіпорын пайдасы 118 301 734 теңге сомасында, 2016 жылдың сәуірінде  124 997 917 сомасында көрсетілді. Осылайша сот жоғарыда аталған кірістер бола тұра банк алдындағы кредиторлық берешекті орындамау – дәрменсіздік  деп санады», – дейді Палата заңгері  Дис Оташбаев.

Сондықтан сот барлық айғақтар мен пайымдарды тыңдап болып, оңалтушы басқарушының  талап-арызын қанағаттандырусыз қалдырды. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер