«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

«Бизнестің қазіргі қаупі – парақор-шенеунік!»

2016 жылғы 10 Маусым
10336 просмотров

Кәсіпкерлер құқығы жөніндегі  кеңестің төрағасы  Ғани Қасымов осылай дейді.

Ғани Қасымовтың пікірінше, қазіргі экономикалық жағдайды Қазақстанды кәсіпкерліктің даму жолында тұрған барлық әкімшілік кедергілерді жою ғана құтқара алады.

– Ғани Есенгелдіұлы, кәсіпкерлердің құқын қорғау жөніндегі күрес созылып-бітпейтін шым-шытырық сериалдары тәрізді болып көрінбей ме? Бұл салада өзгеріс бар ма өзі?

– Сіз білесіз бе, біршама өзгерістер бар сияқты.  Ақырын-ақырын, бюрократиялық  аппараттың  адам сенгісіз бөгеттері тұрса да, өзгерістер бар.  Әсіресе соңғы екі жылда  таң қалдырарлықтай өзгерістер болып өтті.  Кәсіпкерлердің «Атамекен» ұлттық палатасын құрғаннан бері әрбір бизнесменнің  және жалпы бизнес-қоғамдастықтың  тапталған құқықтары үшін белсене күресетін мемлекеттік емес орган пайда болды.  Бұрын мұндай мекеме біздің елімізде атымен болмаған-ды.  Әрине прокуратура және басқа құқық қорғау органдары  бірен-саран  жұмыс жүргізгендей болды. Бұл іс ең алдымен жүйелік негізде іске аса бастады. Ең бастысы, бизнесмендердің өз тарапынан көрсетілген сенімсіздік мұзын бұзып-жарып, жол бастадық. Қазір олардан  «Атамекен» жайлы мысқыл сөз естімейсің.  Адамдар өзіне жақтасып,  сөзін сөйлейтін  жан, күш барына көз жеткізді. 

– Көбіне қандай өтініштер айтылады?

– Бүгінгі таңда ҰКП қарауында 12,5 мың іс бар.  Көбіне жер қатынастары, сәулет және құрылыс мәселелері бойынша шағымданады,  –  бұлар барлық өтініштердің жалпы санының 20 пайызынан асады. Мысалы, 15 пайызы салық қызметтері арасындағы дау-дамайды шешуге тілек білдіреді. Өтініштердің 10 пайызы сатып алу кезіндегі мемлкеттік органдардың және  квазимемлекеттік компаниялардың конкурстық комиссиясы іс-қимылдарының құқыққа сай еместігі туралы. Өтініштердің басқадай барлық көлемі – бюрократиялық созбалаң, әкімшіліктер мен құқық органдарының  шектен шығушылығы, табиғи монополия саласы компанияларының заңсыз талаптары және т.б. болып келеді.  Өтініштердің 3,5 мыңы Ұлттық палатаның орталық аппаратының қарауында.  Бұлар талдау жұмысын, егжей-тегжейлі анықтауды, үкіметтік мекемелермен жұмысты талап ететін өте күрделі мәселелер. Қалған 8,5 мың кәсіпкерлердің аймақтық палата деңгейінде қаралуда.

– Барлық жанжалды  шешу қолдан келе ме?

–  Орташа алғанда, өтініштердің 40 пайызында жағымды нәтижелерге қол жеткіземіз. Өткен жылы бұл цифр 54 пайызға жетті. Алайда, «Атамекенге»  өтініштер күн сайын келеді, бұл 40 пайыз тұрақты түрдегі шамаға айналды.   Бизнесмендердің бір мәселесін шешсек, ертеңіне жаңа хат келеді, сосын тағы да. 33 млрд теңге  –  кәсіпкерлердің зиянының орнын толтырған  осы көрсеткіш біздің жұмысымыздың тиімділігіне  материалдық айғақ бола алады. Орталық аппараттағы және аймақтық палаталардағы мамандарымыздың жүйелі жұмысының арқасында  осындай нәтижеге жеттік.   Олар соттарда, әкімдіктерде, басқадай мекемелерде бизнесмендердің мүддесін танытады.

– «Атамекенде» кадрлар жеткілікті ме?

–  Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау жөніндегі жұмыстарды орталық аппарат  пен аймақтық палаталардың  111 заңгері  жүргізуде.  Иә, бұл аз. Бірақ менің бұл командадағы әр адамның кәсібилігіне шүбәм жоқ.  Бұл жалпы қылмыстық іс-тәжірибе заңгерлері емес, прокуратурада, төрелік сотта, әділет, адвокаттық және аудиторлық іс-қызметте, әлбетте бизнесте шыңдалған жұмыс тәжірибесі бар жоғары білікті мамандар. Бұлар – бірегей адамдар. Дегенмен ҰКП екі жарым жыл бұрын ғана құрылған. Білікті мамандар штатын «тисе терекке, тимесе бұтаққа» дегендей жинауға тура келді. Олардың көбі қабылдау болған күннің ертеңінде-ақ бизнестің проблемаларына белшесінен батты. Тіпті 11 ойыншыдан құрылатын кәсіби футбол командасын дайындау үшін жаттықтырушыға бес жыл керек дейді ғой. Біздің команда одан көп, дегенмен қысқа мерзімде жинақталдық.

–  Өтініштің қарша борауына не себеп? Құқық  қорғау органдары  және прокуратура  кәсіпкерлердің мәселелерін неге қалыптасқан режимде шеше алмайды?  

–  Мәселе мынада, біздің елімізде мемлекеттік органдар  қуғын-сүргін жүргізудің сан қилы өкілеттігіне ие! Әрбір  шенеунік қаламның күшімен бизнестің тағдырын шеше алады, бұйрықтар мен нұсқаулықтар шығарады және оларды өз қалауы бойынша түсіндіреді. Кез келгені  кәсіпорынның жұмысын доғара алады, тіпті жауып та тастайды. Бұл қауіп үнемі бизнестің төбесіне төнген семсердей.

Тағы бір мәселе – рұқсат  рәсімдеудің төрешіл  үдерісі. Бізде кәсіпкер өнім өндіру, жұмыс орындарын құру, салық төлеу сияқты негізгі қызметпен шұғылданудың орнына – бір кабинеттен екіншісіне қағаз құшақтап, ала-шапқын болып жүгіріп, әуре-сарсаңға түседі. Мен бұған  бірнеше мәрте  мысал келтірдім:  тұрғын үй кешенін салу үшін кемінде, орташа алғанда, төрт ай, ал сол құрылыстың өзіне барлық рұқсатты алу үшін сегіз ай керек.  Бизнесмендердің уақытын рәсуалауға келгенде, әлемде жан жеткізбейміз! Шенеуніктерді талай рет тойтарсақ та, қаншама рет басқару аппаратын және рұқсаттық рәсімдерді қысқарту мәселесін алға қойсақ та, бір бюрократтық  «шеңгелдің» орнына екіншісі өсіп шығады. Нұсқау мен өкімдер геометриялық прогрессиямен өсуде. Шынына келсек, біздің шенеуніктер, әсіресе жер-жерлердегі шенеуніктер  президенттің бағыт-бағдарына қарсы  тұғырда тұр.  Елбасы бизнестің дамуы үшін жағдай жасау қажеттігі жайлы мәлімдесе де, жергілікті әкімдіктің шағын құрылымы бастығы – беттегі безеудей бөртіп,  бизнесті  құртуға бар күшін жұмсайды.

 Мұндай тек жер-жерде  ғана  ма? Орталықта қалай? 

– Орталық та оңып тұрған жоқ. Мінбеге көтерілген шенеунік бизнесті қолдаймыз деп алады да, келе-келе кәсіпкердің мойнына қыл арқан іле салады.  Мысал керек пе? Ұлттық экономика мен бюджеттік жоспарлау министрлігінің бизнесмендерге облыстық, қалалық, аудандық әкімдіктер  жалға беретін орындар мен алаңдардың жалға алу ақысын көтеру жайлы атышулы  бұйрығы. Ауруханаларда, мектептерде, әскери бөлімшелердегі асханаларды жалға алған кәсіпкерлер  енді жылына 300  мың емес, бақандай бес миллион теңге төлеу туралы  өкім алды. Бұл салада кімдер жұмыс істеп, қандай мүмкіншіліктерге ие болып отырғаны жайлы министрлік ойланған да жоқ. Бұл дегеніңіз – әлеуметтік бизнес қой, ері, әйелі, қызы, апасы азық-түлік сатып алады және ас дайындайды. Бәрі дән риза, ауруханада емделуші де, балалардың ата-анасы да, сарбаздар да бар. Тек Ұлттық экономика министрлігі ғана разы емес. Сайып келгенде, кәсіпкерлер кәсіпорындарын буып-түйе бастады, жаңа мөлшерлемелерді көтеруге шама жоқ. Мыңдаған отбасы кіріс көзінен айрылды. Ал Ұлттық экономика министрлігі неге міз бақпайды, түсініксіз. Заңнамаға сәйкес тарифтерді бекіту жайлы шешімдерді жергілікті мәслихаттардың депутаттары қабылдайды, тек солар ғана мүлікке қалай басшылық жасауды шешеді. Министрліктің бұл үдеріске килігуіне не себеп? Осы  шешім жөн бе? Біз осы сауалды Бас прокуратураға жолдадық. Олар бізді қолдады  және министрліктен осы шешімді  өзгертуді талап етті. 

– Өзгертті ме?

– Өзгертті, бірақ қалайша? Бас шұлғыды да, жалға алу мөлшерлемесін  жылына бес миллионнан үш миллионға кемітті. Яғни іс жүзінде ештеңе өзгерген жоқ,  кәсіпкерлер қандай жағдай болса да мұндай ақыны көтере алмайды. Мен мұны мазақ қылу деп түсінемін. Бұл мәселені бақылауда ұстаудамыз, бұрын бағаларға оралуды талап етудеміз. 

– Өмірдің негізі ерік деп санайтын реакцияшыл философиялық ағымның (волюнтаризмнің) жетегінде  кеткендермен күресу үшін Сіздің пікіріңізше не істеу керек?

–  Біріншіден, еліміздің заңдарын түгелдей толығымен тексеру керек.  Экономикалық мақсатқа сай тұрғыдан қарағанда, олардың барлық рұқсаттық рәсімдері тізбесін жасап, талдауды ұсынамыз.  Мақсат – шенеуніктің тікелей міндеттері шеңберінен шығып кететін барлық билікшіл өкілеттіктерін барынша  қырқып  тастау. Мәселен, кәсіпорынның қызметін тоқтату туралы шешімді тек санитарлық дәрігер немесе өртке қарсы қызмет инспекторы ғана қабылдамауы тиіс, ол сот ұйғарымы болуы тиіс. Шенеунікке «бөліп ал да, билей бер» деген құқық берсек, жемқор орта жасаймыз. 

Екіншіден, барлық рұқсаттық рәсімдер «бір терезе» бірыңғай жүйесіне түйісуі тиіс. Бұл – әлемдік тәжірибе.  Қазіргі таңда Ұлттық палата  Бас прокуратураның және ел Үкіметінің сөзсіз қолдауы нәтижесінде бұл бағытта жұмыс жүргізуде. 

–  Кәсіпкерліктің құқығын  қорғау туралы  айта келе біз құқықтық мәселелерге баса назар аударамыз. Экономикалық тұрғыдан қарағанда,  бұл жұмыстың мәні неде?  

– Жасыратыны жоқ, Қазақстанда мемлекеттің экономикадағы үлесі тым жоғары. Осының өзі ашық бәсекелестік нарықты  дамыту үшін кедергі болып табылады. Сонымен қатар экспортталатын шикізат бағасы түсуіне байланысты күрделі мәселе айқара ашылды. Бұл туралы бұрын да айтылған, бірақ қазір ғана «мұнай инесі» деген  қауіпті сезіндік. Шикізат бағасы түсті ме, бюджетке түсімдер азайды. Елдегі жалпы ішкі өнім (ЖІӨ) қалыптастырудағы шағын және орта бизнестің үлесі үнемі өсуі үшін мемлекет барлық- күш-жігерін жұмсап,  ұмтылуы тиіс, бұл дағдарысқа душар болмауға кепілдік береді. Шенеунік-бюрократтың бізге  матайтын, бұрынғы кеңестік жүйе жағдайында бұл мүмкін бе? Бизнесті мыңдаған тыйым салулармен, регламенттермен тұсайтын ұмтылыс халықтың бастамасын булықтырады. Мысалға шенеунік өз ерік-жігерімен шағын тоқаш дүкенін жауып, кәсіпкердің кедейленуіне қол жеткізді делік. Бұл неге әкеп соқтырады? Үш-төрт бизнесмен қатал белгі алды делік, өз ісін ашудан  үзілді-кесілді бас тартты. Ол мемлекеттік компанияда жалданып, жұмыс істеуді жөн көреді. Мен бір кәсіпорынның күйреуі автоматты түрде ең азы  оның ондаған контрагенттері мен серіктестерін зиянға белшесінен батыратынын айтпай-ақ қояйын. Осындай әдіс-тәсілмен дамыған елдердегі ЖІӨ 90 пайызына дейін қалыптастыратын бизнес деңгейіне қалайша жетеміз? Биліктің кәсіпкерге қолданып жүрген қарым-қатынас стилі осылайша сақтала берсе,  бұл туралы ауыз ашудың да қажеті жоқ.

– Егер барлық айтылғанды жалпылап, қорытсақ. Кәсіпкерліктің дамуына басты кедергі болып табылатын бөгет не?

– Бизнестің қазіргі қаупі – парақор-шенеунік!  Қайтсе де  өз пайдасын алуды көздеген  ол өзін сан алуан өкімдермен қоршап тастаған, қалай түсіндірсе де,  өз еркі. Бұл жерде тек шенеунік ағайынның құлқыны ғана кедергі емес. Олар билеп төстеуден арылғысы жоқ. Шенеуніктер жоспарлы  кеңестік экономика дәуірінде емес, нарық қоғамында  өмір сүріп жатқандарын түсінгісі келмейді, бизнесмен төлеп жатқан салыққа тіршілік етіп жатқандарын ұқпайды. Мұндай төрешіл, менменсіген кердеңдікті  тыюымыз керек. Өкінішке орай, заңдарда кеңестік кезеңнен көп сарқыншақ қалған. Мысалы, Қылмыстық кодекстің кәсіпкерге көзқарасы сол баяғыша. Мәселен, бизнесмен кірісінің кей бөлігін  салық салудан  жасырып қалды делік. Әлбетте, бұл – қылмыс. Бірақ санкция мөлшері сай ма? Адамды бас бостандығынан айырамыз, ол онда барып салық төлеушінің қаржысына тіршілік етеді. Кімді жазаладық? Мұндай жазаның мәні неде?  Өтемақылық шараларға баса назар аудару керек деп ойлаймыз: ұрладың ба – орнын толтыр! Мұндай жемқорлыққа төзімділік керек!

Алдағы уақытта бизнесменнің құқықтары үшін ымырасыз күрес тұрғанын біз  жақсы түсінеміз.  Шенеунік өз еркімен билептөстеуден айрылғысы келмейді,  өз өкілеттіктері үшін өлермендене күреседі, бірақ күрес жолы қашанда ауыр  ғой.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер