«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Әуежай ісіндегі күтпеген бетбұрыстар

2016 жылғы 09 Маусым
- Ақмола облысы
8508 просмотров

ӨКП заңгерлері кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтарын тағы да қорғап қалды

Бас көлік прокуратурасынан Палатаның сауалына жауап келді, онда «Көкшетау әуе компаниясы» АҚ-на қатысты қалалық мамандандырылған әкімшілік соттың қаулысына жасалған шағымның оң қаралғаны баяндалған.

Әуежайдың қызметі уақытша тоқтатылғанын еске саламыз. Сот әуе айлағындағы жұмыстарды он күнге тоқтату, сондай-ақ 200 АЕК көлемінде айыппұл төлеу жөнінде қаулы шығарған болатын. Халықаралық нысанға объектінің периметрі бойынша бейнебақылау камераларының қажетті санының болмауы, сонымен бірге трансформаторлық станса ғимаратында қоршаудың жоқтығы сияқты бірқатар айыптар тағылған.

«Шағым материалдарын зерделей отырып, біз, біріншіден, әкімшілік істі оның қылмыстық дәрежесі бойынша қарауға уәкілетті емес лауазымды тұлғаның қарағанын анықтадық. Әуе компаниясы, заңды тұлға ретінде, Зеренді ауданында тіркелген, демек, сәйкесінше, іс аудандық сотта қаралуы тиіс болатын», – деп түсіндірді ӨКП Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау және әкімшілік кедергілерді азайту жөніндегі бөлімнің бастығы Расул Сыздықов.

Одан бөлек, іс прокуратураның мүлдем қатысуынсыз қаралған. Әуе компаниясы көлік объектісі болып табылады. Ал мұндай істердің санаты маманданған көлік прокурорларының қатысуын талап етеді, оған қоса акцияның жүз пайыздық иесі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті тұлғасындағы мемлекет болып табылады.  

«Шағымда келтірілген дәлелдер сот зерттеуіне негіз болды. Сіздер шағымданған қаулының жаңадан ашылған мән-жайларға орай күші жойылды, әуе компаниясына қатысты іс тоқтатылды», – делінген ҚР Бас көлік прокурорының орынбасары Ләззат Жанысованың жауабында. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер