«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Кәсіпкер заң бұзған жоқ

2016 жылғы 12 Мамыр
- Қызылорда облысы
6447 просмотров

Кәсіпкерлер палатасының заңгерлері сотта «НұрлыТауЛТД» ЖШС мүддесін қорғап шықты

Бұл туралы сот процесінде қорғаушы болған Кәсіпкерлер палатасының бөлім басшысы Ирина Ким хабарлады.

«НұрлыТауЛТД» ЖШС сәуір айында Палатаға келіп, кедендік төлемдер мен салықты уақытылы төлемеді деп айыптаған Қызылорда облысының Мемлекеттік кірістер департаментінің алдындағы заңды мүддесін қорғауды сұрады. Біз «НұрлыТау»-ды Жалағаш ауданының қаншама тұрғындарын тұрақты жұмыспен қамтып отырған, оның үстіне мемлекеттік индустриаландыру бағдарламасы аясында жұмыс жасап отырған жаңашыл кәсіпорын ретінде білеміз. Кәсіпкердің мәселесін мұқият зерттеу барысында төмендегі жайттарды анықтадық», – дейді Ирина Ким.

2015 жылы шілде айында кәсіпкер Қытай Халық Республикасынан асфальт-бетон зауытының құрылғыларын алдырады және кеден заңдылықтарына сәйкес тауардың қосымша құн салығын төлейді. Алайда кейін белгілі болғандай ҚР Ұлттық экономика министрлігінің бұйрығына сай аталмыш тауар қосымша құн салығын есепке алу тәсілі бойынша төлейтін тізілімде жоқ болып шықты. Осы ретте, Қызылорда облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті «НұрлыТауЛТД» ЖШС-нің үстінен ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 555-бабына сәйкес іс қозғайды. 

Істі зерттеу барысында Мемлекеттік кірістер департаментінің «НұрлыТау»-ды жауапкершілікке тартуға мүдделі болып отырғанын білген Палатаның заңгерлері департаментке істі Қызылорда облысы бойынша мамандандырылған әкімшілік сотына жолдау жөнінде өтініш білдіреді. Нәтижесінде сотта кәсіпкердің мүддесін қорғаған Палата сарапшылары оң нәтижеге қол жеткізе алды.

Нақтырақ айтқанда сот серіктестіктің қызметінде құқық бұзушылықтың жоқ екендігін анықтап, оған қатысты қозғаған әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі тоқтату жөнінде шешім қабылдады.  


Еншілес ұйымдар

Серіктестер