«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Жер телімі өзінде қалды

2016 жылғы 03 Мамыр
9032 просмотров

Тексерісті жүргізушілердің қателігінен Ақтөбедегі шаруа жерсіз қала жаздады

Ақтөбе облыстық кәсіпкерлер палатасы шаруа қожалығының құқығын қорғап шықты.

«Еділбай» шаруа қожалығы 2003 жылдан бері қой өсірумен айналысып келеді. Шаруа қожалығының иелігінде 2006 жылдан бері 1000 гектардан астам жер телімі бар. Жайылымдық жер Сазды ауылдық округінде орналасқан.

Қожалықтың иесі Жанна Темірәліқызы осы жылы шаруашылықты жүргізуге қажетті инфрақұрылымды өз күшімен жасағанын айтады. Ақтөбе қалалық прокуратурасы 2015 жылдың жазында қожалықтың жер телімін иелену заңдылығын растайтын куәлікке қатысты құжаттарды сұратады.

«Біз оларға барлық құжаттарды тапсырдық. 2016 жылы ақпан айының соңына қарай қалалық жер бөлімінің маманы хабарласып, шаруа қожалығына тиесілі жерді мемлекетке қайтару керектігін айтып хабарласты. Біз оларға біздің қызметіміз заңды, жер жайылымдыққа ыңғайлы деп танылған және мақсатты тағайындалған деп жауап қайырдық», – дейді шаруа қожалығының басшысы.

Сол күннен бастап «Еділбай» шаруа қожалығына байланысты Ақтөбе қаласының жер комитеті және ауыл шаруашылық бөлімі тарапынан тексеріс басталған. Шаруашылық 2016 жылдың наурызында жерді қорғау және пайдалану бойынша бақылау басқармасынан шаруашылық үш жылдан бері өз жұмысын тоқтатқан және белгіленген шарт бойынша пайдаланылмай отыр деген ескерту (хабарлама) алады. Сол кезде Жанна Термірәліқызы Өңірлік палатадан көмек сұрап барады.

«Бұл біздің отбасылық ісіміз және негізгі табыс көзіміз. Осы жылдар ішінде мемлекеттік дотация немесе субсидиясыз өз күшімізбен жұмыс жасап келеміз. Жекеменшігімізге қатысты біздің құқымызды қорғауларыңызды сұраймыз», – деп өтінішін білдіреді қожалық басшысы.

Кәсіпкердің өтінішін сарапшылар аяқсыз қалдырмады.

«Біз бұл істі қарап, одан әрі қалалық прокуратураға жолдадық. Мекеме қызметкерлері тексеріс жүргізу барысында шаруашылық қызметінде заң бұзушылықтың орын алмағандығын анықтады», – дейді бөлім бастығы Руслан Куйшинов істің нәтижесі туралы.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер