«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Отандық кәсіпорындардың 2015 жылғы жұмысы

2016 жылғы 22 Сәуір
10595 просмотров

Кәсіпорын басшылары өндірістегі сапалы жұмыс жағдайы туралы айтып берді

Жиынтық талдау департаменті ҚР Статистика комитеті ұсынған жағдаяттық зерттеу деректері негізінде ақпараттық-талдау материалын дайындады

Жағдаяттық зерттеулер ресми статистикалық деректерге қосымша бизнес жағдайы және оның дамуындағы негізгі беталыстарды, иелік етуші субъектілердің жұмыс істеу ерекшеліктерін, көздеген мақсаттарын және олардың қызметін шектеп отырған маңызды деректерді қысқа мерзімді сапалық бағалауға бағытталған.

Зерттеу бойынша тоқсан сайын кәсіпорын басшылары өз кәсіпорнындағы жұмыс жағдайына сапалы баға беріп, алдағы 2-3 ай ішіндегі кәсіпорындағы мүмкін болатын өзгерістерді болжауы тиіс еді.

Жағдаяттық зерттеу таңдаламы түрде жүргізіледі. Таңдауға Қазақстанның барлық облыстарының аумағында орналасқан ірі және орта кәсіпорындар қатысады. Таңдау арқылы іріктеліп алынған кәсіпорындардың саны кәсіпорын тіркеліміндегі кәсіпорындардың жалпы санынан 6%-дан кем емес. 2015 жылдың 4 тоқсанындағы сауалнама жүргізілген кәсіпорындары саны 5 121-ге жеткен.

Бүгінгі таңда жағдаяттық зерттеулер мынандай салалар бойынша жүргізілуде: өнеркәсіп (855 кәсіпорын), ауыл шаруашылығы (1520 кәсіпорын), құрылыс (396 кәсіпорын), сауда-саттық (1500 кәсіпорын), көлік (450 кәсіпорын), байланыс (200 кәсіпорын), туризм (200 кәсіпорын).

Кәсіпорындардың 2015 жылдың 4 тоқсанындағы іскерлік белсенділігі туралы деректермен(ҚР ҰЭМ Статистика комитетінің жағдаяттық зерттеу нәтижелері бойынша) мына жерде  танысуға болады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер