Қағазсыз ешкім емессің...
ӨКП сарапшылары іске кіріскеннен кейін, кінәлі тұлғалар – электр энергиясын тарататын монополист компаниялар тиісті жазасын алды
«Флагман Агро» ЖШС директоры С. Кәсіпкерлер палатасына «Көкшетау Энерго» компаниясының үстінен шағымдана келіпті. Бизнесвуменнің сөзіне сенсек, кәсіпорын арызданушыға тиесілі нысанды электр желілеріне қосу үшін техникалық шарттарды беру мерзімін ұзақ созған, оған қоса, сыбайлас жемқорлықтың орын алуына жағдай жасаған.
Кәсіпкер «Көкшетау Энерго» ЖШС-на техникалық шарт беру туралы өтінішті 2015 жылдың желтоқсан айының басында берген. Техникалық тұрғыдан қуаттылығы айтарлықтай көп емес. Сондықтан, өтініш берілгеннен кейін бір апта өткен соң «Зеренді Энерго» энергиямен қамту компаниясының аудандық филиалының қызметкерлері нысанға қосу нүктесін берген.
12 желтоқсан күні (даталарға назар аударайық) «Зеренді Энерго» келісілген құжатты «Көкшетау Энерго» ЖШС-ға жіберген. 21-і күні «Көкшетау Энергоның» қызметкерлері электрмен жабдықтауға техникалық шарттың жобасын дйындаған, міне, осы тұстан бастап түсініксіз әбігерлік басталып кеткен.
Кәсіпкер ҚТС бөліміне бірнеше мәрте қоңырау шалғанда, ондағы қызметкерлер шарттар дайын екенін, мұндай құжаттарды тікелей бас директор мақұлдайтындықтан, оның болмауы себепті құжатқа қол қойылмады деп жауап қайтарған.
Бизнесвумен екі ай шыдамдылықпен күткен, алайда 2016 жылдың 19 ақпан күні мәселенің мәнін өзі түсінген. ҚТС «Қай басшыға барсаңыз да, оныңыздан түк шықпайды, сіз сияқтылар жеткілікті... » деп бірден ескерткен. Кәсіпкер компания басшылығына жолыға алмапты. Ұзақ уақыт әуре-сарсаңға түсіп жүріп, ақыры бас директордың орынбасарының қабылдауына кіргенімен, ол мұндай құжатқа қол қою оның құзыретіне жатпайтындығын айтқан.
Ақыры, 26 ақпан күні бизнесвуменге техшартты ала беруіне болатындығы туралы көптен күткен хабар келген. Сарыла күткен құжатын қолына алған кәсіпкер сілейді де қалды: ондағы шығыс нөмірі: 21 желтоқсан 2015 жыл (!)
«Бұл не? Немқұрайлық па? Жоқ, мұны сыбайлыс жемқорлықтың кезекті сызбасы деп санаймын: құжатты ұзағырақ ұстаса, үмітсіздіктен адам мәселені делдалдар арқылы шешуге келеді. Желтоқсаннан қаңтарға дейін төрт қызмет арқылы нысанның мақсатты тағайындамасын өзгертуді мақұлдатып үлгердім: «жер телімінің мақсатты тағайындамасын өзгерту» мемлекеттік қызметін алдым, жерге жаңа мемлекеттік акт алдым, инженерлік-геодезиялық іздеу жүргіздім, эскиздік жобаны дайындадым. Ал, мұнда біреуге бола, әр кәсіпкер үшін бағалы саналатын уақытымды жоғалттым», – деп ашынды бизнесвумен. Оның айтуынша, бұл уақыт аралығында ол сәулет-жоспарлау тапсырмасын алып, жұмыс жобасын, құрылыс сараптамасын әзірлеп, экологтардың қоршаған ортаға әсерін бағалау туралы қорытындысын алып, жұмыс жобасын бекітіп үлгерер еді
Бизнесвумен Палатаға келді. «Менің мысалым арқылы осындай жағдайлардың жойылғанын қалаймын. Бизнесті нөлден бастау қиын, ертең осыған ұқсас жағдай басқа біреудің де басынан өтуі мүмкін», – дейді ол.
Кәсіпкердің өтінішін Палата заңгерлері жерге тастамады. Бірден бірнеше аумақтық ведомстволарға сұраулар мен хаттар жіберілді: Атомдық және энергетикалық қадағалау және бақылау комитетіне, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросына, әкімдікке, облыстық прокуратураға.
Кінәлілер табылды. Аумақтық атомдық және энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің жауабына сәйкес, кінәлі аталмыш компанияның өндірістік-техникалық қызметінің жетекші инженері екен. Ол тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Түсіндірмелер бойынша, жұртты дүрліктірген құжат «бар-жоғы» соған ұқсас құжаттардың арасында жоғалып қалған...
Пікір қалдыру:
Пікірлер: