«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Арбитраждық соттың беделінің артар күні әлі алда

2016 жылғы 08 Сәуір
3475 просмотров

Нарықтық экономикаға бет алған Қазақстанның арбитражды сотын дамыту процесінде бірқатар кедергілер бар

Кәсіпкерлер арасындағы келісім-шарттар аясында туған дауларды арбитрге, яғни арбитраждық сотқа жүгіну арқылы шешудің артықшылықтары көп. Мәселен, дауға соңғы нүктені қойып, ақырғы шешімді шығаратын арбитрді таңдау мәселесі. Тараптар арбитр ретінде кез келген тұлғаны өздері белгілей алады. Кәсіпкерлер үшін «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы жанындағы Арбитраждық орталықтың реестріндегі арбитрлерді таңдауға да мүмкіндік бар. Одан өзге, арбитрдің үкіміне жүгінудің уақыт пен қаржылай шығындар бойынша да біршама артық тұстарының бар екені белгілі.

Десек те, қазақстандық кәсіпкерлер арасында арбитраждың қызметіне жүгіну үрдісі әлі де кеңінен тарала қойған жоқ. «Атамекен» ҚР ҰКП Арбитраж орталығының арбитрі Ғалия Мақажанованың пікірі де осыған саяды. «Әрине, біздің кәсіпкерлеріміз даулы істі арбитраж арқылы шешудің оң тұстарын әлі түсініп үлгермеді. Мемлекеттік соттың үкімі тым қатаң болуы мүмкін, ал арбитраж арқылы екі жақ өздері үшін тиімді деген ортақ шешімге келе алады. Мемлекеттік сот үшін жұмсалатын қаржылай шығын да арбитражға төленетін шығындардан әлдеқайда көп. Сонымен қатар, арбитрдің үкіміне шағымданған жағдайда уақыттан ұтуға болады», – дейді Ғалия Мақажанова. 

Арбитражға жүгіну – кәсіпкерлердің өздері шешетін коммерциялық ұйғарым. Келісім-шарт жасасқан сауда немесе бизнес жасаушы екі тараптың бірінің құқы бұзылған жағдайда арнайы бапты қарастырып, арбитраждық сотқа жүгінулері керек. Ал, арбитрлерді арнайы арбитрлер реестрінен таңдап, бекітуге болады. Олар заңгер-кеңесшілер, бұрынғы соттар немесе қорғаушылар болуы мүмкін. «Мемлекеттік сотқа сенушілік әлі өзектілігін жойған жоқ. Дегенмен, арбитраждық соттың беделінің артар күні әлі алда », – дейді Арбитраждық орталықтың арбитрі.

Мемлекет арбитраждық сотты дамыту жолында біршама жұмыстар жасап жатыр. Бұл бір жағынан мемлекеттік соттардың жүктемелерін де жеңілдетпек. Ғалия Мақажанованың айтуынша, ол бір мәрте арбитраждық іске қатысқан. Дегенмен, оның шешімдерін орындау үшін, заңнама бойынша кәсіпкерлердің атқарушылық парақ алу үшін мемлекеттік сотқа баруларына тура келген.  

«Заң бойынша екі тарап та арбитраждың шешімдерін орындаулары тиіс. Бірақ айналып келгенде тараптар бұл шешімді орындамай жатады. Арбитраждың дамуына кедергі келтіріп отырған факторлардың арасында осындай жағдайларды айтуға болады. Сосын істі пайдасына шешкен тарап маған атқару қағазын беріңіз деп мемлекеттік сотқа жүгінуі керек болды», – дейді ол.  

Арбитраждық соттар нарықтық экономиканы ұстанған елдерде жақсы дамыған. Әсіресе, Батыс Еуропа мемлекеттеріндегі Стокгольм немесе Лондонның сауда-өнеркәсіп палаталарының арбитраждарына халықаралық даулар үшін көптеп жүгініп жатады. Тіпті, біздің мемлекетіміздің де олардың қызметтерін пайдаланған кездері болды. Яғни, жеке кәсіпкерлер ғана емес мемлекеттер де арбитраждық соттарға шағымданады. Сондықтан елімізде


Еншілес ұйымдар

Серіктестер