«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Кәсіпкердің ісінде заңға қайшы ештеңе жоқ!

2016 жылғы 29 Наурыз
- Ақтөбе облысы
6513 просмотров

ӨКП 948 млн теңгеге компанияның мүддесін қорғап шықты

«Байлы» компаниясы бірнеше ай бойы аса ірі көлемдегі алаяқтық іс-әрекет жасады деген күдікке ілінді.

Ақтөбе облысының Кәсіпкерлер палатасына «Байлы» компаниясының директоры Виталий Игонин жүгінді. Бизнесмен Ақтөбе облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Экономикалық тергеу қызметінің оған қатысты сотқа дейінгі тексеру жұмыстарын бастағандығын айтады.

ЖШС мен Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы арасында Қобда ауылына бірінші сатылы жоғары қысымды газ құбырының құрылысын аяқтау туралы келісім-шарттың бекітілгендігі анықталды.

Жоба-сметалық құжаттама мен құрылыстың сметалық есебіне сәйкес кәсіпорын өз тарапынан аталған нысан бойынша жұмыстарды толығымен орындаған.

«Біз нысандарды пайдалануға бердік, тапсырыс беруші барлық жұмыстарды ешбір наразылықсыз қабылдады. Осыған қарамастан, ЭТҚ бізді траншеяларға құбырлар тарту бойынша нысандар құрылысын жүргізу барысында жұмыстарды сапасыз орындады деп айыптап, қылмыстық іске қатысты сотқа дейінгі тексеруді бастады. Сонымен бірге, департамент мамандары өзге де мекемелермен күмәнді есеп айырысулар орын алған деп ойлайды», – деді «Байлы» ЖШС директоры.

Палата бөлімінің бастығы Руслан Қойшинов барлық құжаттарды зерделеп, құрылыс-монтаждау жұмыстарының компаниямен расында да сметалық және жобалық құжаттамаға сәйкес жүргізілгендігіне көз жеткізді, бұған жұмыс комиссиясының құрылысы аяқталған нысанның пайдалануға дайын екендігі туралы қорытындысы, салынған нысанды қабылдау актісі және мемлекеттік қабылдау комиссиясының салынған нысанды пайдалануға қабылдау туралы актісі дәлел бола алады.

Энергетика және ТКШ басқармасы мен «ҚазТрансгГазАймақ» АҚ өз кезегінде «Байлы» ЖШС-не қатысты арызбен қылмыстық тергеу органдарына жүгінбеген.

Сарапшылар траншеяларға құбырлар тарту бойынша нысандар құрылысын жүргізу барысында жұмыстардың жауапсыз әрі сапасыз орындалу айғақтары туралы ақпаратты негізсіз деп тапты. Нысанның пайдалануға берілгендігіне бір жылдан астам уақыт өтті және ол қалыпты түрде жұмыс істеп тұр. ЖШС құрылыс материалдары, тауарлар және т.б. сатып алынғандығын көрсететін барлық қажетті растаушы құжаттарды: сатып алу-сату шарттары, шот-фактуралар, чектер және т.б. ұсынған болатын.

Палата негіздемелі дәлелдер ұсына отырып, Экономикалық тергеу қызметіне жүгінді. Нәтижесінде тергеушілер қылмыс құрамының жоқтығы себебінен қылмыстық істі тоқтатты.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер