«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Мұрат Әбенов: «Кәсіпкерлердің сенімі – біздің басты құндылығымыз»

2016 жылғы 24 Наурыз
- Қостанай облысы
13196 просмотров

Бизнесті дамыту үшін қолайлы жағдай жасау – «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы мен оның өңірлердегі бөлімдері жұмысының басты артықшылығы. Қостанай облысы да осы үдеден шығуда қалыс қалған емес. Наурыз айының ортасында мұнда ҰКП, Еуразиялық топ (ERG) және облыстық әкімдік арасында әріптестік туралы ортақ, үшжақты меморандумға қол қойылды. Сол құжаттың берер пайдасы жөнінде, сонымен бірге, өңірде кәсіпкерлерді қолдаудың негізгі құралдары туралы бізге Облыстық кәсіпкерлер палатасының директоры Мұрат Әбенов әңгімелеп берді.

Мұрат Телғараұлы, жақында қол қойылған меморандумда қандай мәселелер ескерілген?

Жаңа бизнес-жобаларды несиелендіру үшін шағын қаржылық ұйымдар құру. Еуразиялық топ Ұлттық палатаға 300 миллион теңге бөлді. Шағын несиелендіруде басымдық Рудный, Лисаковск, Арқалық және Қашар сияқты моноқалалардың тұрғындарына беріледі, осылайша, тұрғындардың тау-кен өндірісіне экономикалық тәуелділігін азайтпақпыз. Тағы 300 миллион теңгені облыс әкімдігі өңірдің барлық тұрғындарын шағын несиелендіру үшін бөледі, бастысы талаптарға сай келсе болды. Шарттар тиімді – 15 миллион теңгеге дейін әрі жылдық үстеме 7 пайызға дейін. Кепіл ретінде жылжымайтын мүлік, автотранспорт, сондай-ақ мал мен үшінші жақтың кепілдігі қарастырылады. Яғни, кепілдік ретінде адамгершілік жауапкершілік  жүреді. Егер бұрындары алыстағы елді мекендердегі несие алғысы келетін тұрғындарға мүліктің өтімсіздігі кедергі болып келгенін ескерсек, бұл теңдессіз шешім.

Палата жаңа жобалардың тағдырын қадағалап отыра ма, әлде бастысы – қаржылық қамтамасыз ету ме?

Біз о баста әкімдікпен бірлесе отырып, барлық кезеңдерде барынша қолдау көрсетеміз деп мәлімдеген едік. Өтініш беруден бастап, жобаның ашылуына дейін қолдау көрсетеміз. Бұл үшін барлық жағдай бар. Аудандар мен моноқалалардың барлығында біздің филиалдарымыз бар, барлық жерде құзырлы мамандар отыр, сондықтан кез келген сұрақ бойынша білікті жауап беру – біздің кепіліміз, біздің міндетіміз. Негізінде, Ұлттық палата құрған шағын қаржылық ұйымдардың мақсаты – ірі бизнес есебінен шағын бизнестерге көмек беру, бұл қажеттілікті Елбасымыз атап айтқан еді. Өңірлік палатаның маңызды міндеттерінің бірі – кеңес беру, жаңа жобаларды қадағалу, сервистік қолдау көрсету. Кез келген кәсіпкер, кез келген тұрғын біздің Қолдау көрсету орталықтарымызға келіп, қажет кеңесін алуына болады. Ісін жаңа бастаушыларға мұнда бизнестің субъектісі ретінде тіркелуге жәрдем беріледі, одан соң сауатты бизнес-жоспар, бухгалтерлік есеп құруға, бағдарламалық қаматасыз етуді орнатуға, мемлекеттік сатып алулар порталымен жұмыс жасауға көмек көрсетіледі. Мұның барлығы тегін жасалады. Өткен жылы 14 мыңдай адам кеңес алып, 2 мыңнан астам адамға сервистік қызмет көрсетілді.

Алайда, Кәсіпкерлер палатасы көрсететін қолдау мұнымен шектелмейтін шығар?

Дұрыс айтасыз, біздің басты артықшылықтарымыздың бірі – бұл кәсіпкерлердің құқығы мен олардың заңды мүддесін қорғау. Мәселен, өткен жылы бізге 6 мыңнан астам бизнес субъектілеріне құқықтық және өзге мәселелер бойынша кеңестер берілді. Сарапшылар кәсіпкерлерден келген 360-тай жазбаша өтініштерді қарады, оның 160-ы құқығын қорғау туралы нақты өтініштер. Талдау нәтижесі бойынша, өтініштердің басым бөлігі салық салу, мемлекеттік сатып алулар, жер қатынастары мәселесіне қатысты болған. Жүргізілген жұмыстың нәтижелері айқын. 111 мәселенің оң шешімін тапсақ, соның ішінде 14-ін сот арқылы шештік. Бизнеске келтірілетін 2 миллиардтан астам теңге көлеміндегі зиянның алдын алдық.

Қомақты қаржы...

Мұның барлығы айыппұлдар, өсімпұлдар және т.б. Өткен жылы сотта автоматтандырылған жүйелдерден ақау шығып, көрсеткіштерді дұрыс белгілемегендіктен, тасымалдаумен айналысатын кәсіпкерлердің айыппұл төлеуден босатылатындығын дәлелдедік. Ал бұл 2 миллион теңгедей қаражат. Биылғы жылдың ақпан айында Қостанайдағы жарнамамен айналысатын компаниялардың бұрыннан келе жатқан проблемасын шешуге мүмкіндік туды. Олар екі жылдан бері ұзақ мерзімге билбордқа арналған жер телімін ала алмай келген еді. Әкімдік жер телімін бір жылға ғана беріп келген, егер ұзақ мерзімге кепіл берілмегендіктен, ірі жарнама берушілердің ұсыныстан бас тартатындығын ескерсек, бұл дегеніміз – қаржы жоғалту. Мұндай мысалдар жеткілікті, бастысы кәсіпкерлер сенім білдіреді, өйткені, көмекке мұқтаж өтініштер саны жылдан жылға көбейіп келе жатыр.

Түрлі кедергілерге кезікпеген, түрлі себептермен заңды мүддесін қорғауды қажет етпейтін кәсіпкерлер қолдауға ие бола ала ма?

Палата тарапынан қолдау барлығына дерлік көрсетіледі, өйткені, ҰКП бизнес-ортаның тұрақты дамуына жұмыс жасауда. Нормативті актілердің тікелей сараптамасын жүзеге асырады. Егер қандай да бір заңның, қаулы немесе бұйрықтың жобасында бизнес үшін әлеуетті кедергілер болса, біз оларды көрсетіп, ескерту жасаймыз. Өткен жылы біздің сарапшылар 3000 мыңнан астам нормативті құқықтық актілерді қарап, заң жобаларына салық салу, медициналық сақтандыру, еңбек қатынастыры мәселелеріне және т.б. қатысты ондаған ұсыныстар енгізілді. Кәсіпкер Палатаға өтінішпен келмегеннің өзінде, ол жұмыс істеп отырған бүгінгі күнгі жағдайлар – тікелей біздің жұмысымыздың нәтижесі. Процесске қатысқан кәсіпкерлер біздің тетіктеріміз бен мүмкіндіктерімізді бағалап үлгерді және өздері белсенділік танытып, жұмысты жақсарту бойынша өздерінің ұсыныстарын енгізуде. Бағыттары көп болғанмен, Палата сол үшін де құрылған болатын.

Палатаның жеке артықшылығы адам капиталын дамыту екені белгілі.

Иә, жұмысшыларсыз, білікті мамандарсыз ешқандай бизнес те болмайды. Осыны ұғына отырып, Палата мамандар даярлау процессіне қатысуда. Практикалық білімге басымдық берілетін, дуальды оқыту жүйесі қолға алынды. Бұл жұмысты айтарлықтай салмақты түрде айналдырдық, кәсіпкерлер, ақыры, белсенді түрде білім беру процессіне тартыла бастады, өйткені болашаққа кадрлар дайындамаса, проблемалар туындайтынын түсінеді. Бизнестің қатысуымен біздің облысымызда нақты кәсіпорындардың қажеттілігіне сай 28 оқу бағдарламасы жасалды. 18 колледж бен екі жоғары оқу орнында студенттерді дуальды жүйе бойынша оқытады, процесске 84 кәсіпорын мен мыңнан астам студент қатысуда. Сандар мәселенің мәнін ашып тұр. Енді, бастысы, нәтиже оң болып, парталардан кәсіпорындарға шынайы қажет кадрлардың шығуы. Кадр бәрін шешетіні белгілі. Біздің барлық экономикамыз солардың қолында.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер