«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Көрсетілген қызметтің ақысы неге төленбей келді?

2016 жылғы 16 Наурыз
- Ақмола облысы
6949 просмотров

Өңірлік кәсіпкерлер палатасының Ақкөл филиалы сарапшыларының араласуы нәтижесінде компанияға 80 мың теңгеден астам қаржы қайтарылды

«Астана Технолоджи» ЖШС өкілдері өз құқықтарын қорғауды сұрап, ӨКП филиалына бас сұқты. Кәсіпорын Астана қаласындағы медициналық клиникалардың біріне картридждер толтыру, оргтехника жеткізу және қызмет көрсету сияқты бірқатар қызметтер көрсеткен.

Барлық жұмыстар келісілген мерзімде орындалған, алайда медициналық мекеме орындалған жұмыстар көлемінің құжат жүзінде расталмағанын сылтауратып, қызметтер үшін төлем жасауды кейінге қалдыра берген.

Бұл жағдай «Астана Технолоджи» ЖШС-не Палатаның жергілікті филиалына жүгіну туралы ұсыныс жасалғанға дейін үш айдан астам уақытқа созылған.

Сарапшылар барлық материалдарды қарастырып, медициналық мекемеге жазбаша өтінім жіберді, оның өкілдерімен телефон арқылы байланысқа шықты. «Аталған жағдайда қызмет ұсынушысы «Астана Технолоджи» ЖШС-мен барлық міндеттемелер дер кезінде орындалды, бұл өз кезегінде орындалған жұмыстар актісімен расталды»,– дейді ӨКП Ақкөл филиалының директоры Марат Бекмағамбетов.

Барлық құжаттардың көшірмелері тапсырыс берушіге жіберілді. Таяу күндері 84 000 теңге сомасындағы ақша өтініш иесінің шотына аударылды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер