«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Қос стандартқа қарсымыз!

2016 жылғы 24 Ақпан
6691 просмотров

Тұтынушыны қорғаймыз деп, кәсіпкердің құқын бұзған

Есіл ауданында тұтынушылар құқықтарын қорғау жөніндегі аудандық басқарма шенеуніктерінің кәсіпкерге қатысты қисынсыз іс-әрекеттерін, шын мәнінде, оған қысым жасау деп бағалауға болады.

Биылғы жылдың 19 қаңтарында, бизнесвумен А-ның дүкеніне келген олар жекелеген өнімдерді сатып алу арқылы тексеру жасайды. Бұл жағдайда аталған құбылыстың  әбден заңды екендігін айта кеткен жөн. Мемлекеттік тапсырыс болған жағдайда, меншік формасына қарамастан, техникалық регламенттерге сәйкестігін тексеру үшін бюджет қаражатының есебінен сатып алу арқылы өнімді тексеру жүргізіледі.

1 ақпанда шенеуніктер бизнесвуменге қоңырау шалып, ұйғарымды алып кетуге шақырады. Оған зерттеулер хаттамасының көшірмесін тапсырады, онда деликатестік паштетте зең басқан саңырауқұлақтар табылғаны туралы айтылған. Кәсіпкерге 3 ақпанға дейінгі мерзімде  аталмыш өнімнің көзін жою (жүкқұжатқа сәйкес, паштеттің екі банкісі), содан кейін Қатты қалдықтар полигонында жойылғаны туралы актіні және тасымалдаушы коммуналдық мекемемен жасалған келісім-шартты тапсыру ескертіледі. Оған қоса, бизнесвумен аталған тауарға көлік жүкқұжатын және сәйкестік декларациясын тапсыруы қажет болған.  

Тағайындалған мерзімде кәсіпкер барлық кемшіліктердің көзі жойылғанын растайтын қажетті құжаттарды тапсырады. Алайда, қызықтың бәрі алда екен. Дәл осы күні, яғни 3 ақпанда, шенеуніктер оған жаңа ұйғарым береді, ол алдыңғыға ұсқас, бірақ орындау мерзімі 1-5 ақпан деп көрсетілген (!).

Бір шикілікті сезген бизнесвумен дәл сол жерде ӨКП-ның жергілікті филиалына барып, көмек сұрайды. Сарапшылар жедел жауап қатып, зертханадан талдама нәтижелерін талап етеді және жағдайды бақылауға алады.

Бір апта өткен соң кәсіпкерге алда болатын тексеру туралы ресми ескерту тапсырылады. Сонымен тексеру өтті, оның қорытындылары бойынша А-ға акті тапсырылып, жаңа ұйғарым бойынша ешқандай бұзушылық анықталмағаны белгілі болды.

Қоғамдық тамақтандыру нысандарына қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтау жайында өткен дөңгелек үстелде профильді ведомство басшысының орынбасары Әділхан Кәрімбаев осы мәселенің басын ашуға және міндетіне салақ қызметкерлерге қатысты шара қабылдауға уәде берді.

Бұл оқиғада барлығы жақсы аяқталып, шешімін тапты. Қос стандарттармен келісуді жөн көрмеген кәсіпкер «шиеленіскен түйіннің тамырын қиюға» бекінді, Кәсіпкерлер палатасынан қорғау сұрады. Алайда, дәл осындай оқиғаның басқа кәсіпкерлермен қайталанбасына кім кепіл? 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер