«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Субсидиялар заңды түрде алынған

2016 жылғы 16 Ақпан
10688 просмотров

Өңірлік палата кәсіпкерлердің үш миллион теңгеден астам сомадағы құқықтарын қорғады

Соңғы жылдары мемлекет ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілердің өнімдерін бәсекеге қабілетті ету мақсатымен аграрлық секторға орасан зор қолдау көрсетіп келеді. Мемлекеттік қолдау бойынша асыл тұқымды мал шаруашылығын субсидиялау, фермерлерге мал басының сапасын жақсарту үшін жүргізілетін селекциялық және асылдандыру жұмыстарын жүргізу шығындары өтеледі. Бірақ, кейбір кезде кәсіпкерлер өздеріне қатысы жоқ факторлардың кесірінен осы қолдаудан айрылып қалуы мүмкін.

ӨКП-ға Егіндікөл ауданының кәсіпкері келіп, заңды мүдделері мен құқықтарын қорғауға көмектесуді сұрады. Кенжеғали Жүсіпов мал тұқымын түрлендіруге байланысты төлдейтін ірі қара малдарға селекциялық және асылдандыруды жүргізуге арналған субсидиялау бағдарламасының қатысушысы болып табылады. Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуға, сондай-ақ, өнімнің өнімділігі мен сапасын көтеруге арналған Жергілікті бюджеттің субсидиялау ережелеріне сәйкес, тауар өндірушілердің субсидия алуына қажетті басты шарт – тиісті бағыттар бойынша критерийлер мен талаптарға сай болу, дәлірек айтқанда: ауыл шаруашылығындағы бүкіл мал басын зоотехникалық нормаларға сай ұстау және ветеринарлық іс-шараларды жүзеге асыру.

Мемлекет көмегін алуға қажетті тағы бір маңызды критерий – шағылысушы контингенттің отыз басына етті тұқымды бір бұқаны алу. Кейіннен ауыл шаруашылығы жануарларын бірегейлендіру (АШЖБ) бағдарламасынан, және де Селекциялық және асылдандыру жұмыстарының бірыңғай ақпараттық базасынан алынған көшірме бойынша шын мәніндегі мал басы тексеріледі. Фермер бұл шарттарды толық көлемде орындаған. Егіндікөл аудандық Ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөліміне субсидия алуға өтініш берген кезде жоғарыда аталған бағдарламалар «Жүсіпов» ЖК-де 30 бас төлдейтін ірі қара малы бар екенін растады.

Алайда, кейінірек, тексеруге мұрындық болған аудан прокуратурасы анықтағандай, Селекциялық және асылдандыру жұмыстарының бірыңғай ақпараттық базасындағы техникалық қателіктердің нәтижесінде, мәліметтер бұрмаланған, төлдейтін мал басы басқа тұлғаның атына тіркелген, не болмаса мүлде тіркелмеген.

Осыған орай (!), ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі Ақмола облыстық мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотқа, шенеуніктердің пікірі бойынша, «Жүсіпов» ЖК-на 540 000 теңге көлемінде негізсіз төленген субсидияны өндіріп алу туралы талап-арыз берген.

Бұл жағдайға ӨКП-ның құқықтық блогының сарапшылары араласты. Қолда бар материалдар мұқият зерттелді.

«Жүсіпов» ЖК-ның өтінішіне сәйкес, төлдейтін ірі қара мал басымен селекциялық және асылдандыру жұмыстарын жүргізуге бөлінген субсидияны алу үшін 30 бас ірі қара мал тізімі тіркелген. 30 бастың бар екендігін ауыл шаруашылығы жануарларын бірегейлендіру бағдарламасынан алынған көшірме растайды, ол «Ветсансервис» коммуналдық кәсіпорны ветеринар дәрігерінің мөрімен куәландырылған. Оған қоса, басқа да құжаттар қолда бар: сатып алу-сату құжаттары, жергілікті, ауыл әкімдігінің анықтамалары.

Сол аралықта, ҚР Үкіметінің 18.02.2014 ж. Қаулысымен бекітілген, асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуға, мал шаруашылығы өнімдерінің сапасы мен өнімділігін көтеруге арналған Жергілікті бюджеттен субсидиялау ережелері ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 21 ақпандағы қаулысына сәйкес күшін жойған болып шықты.  

Бұл тұрғыда, бұрынғы қолданыстағы Ережелердің 9-тармағында тауар өндірушілердің шарттарды орындамағаны негізінде төленген субсидияларды өндіріп алу аудандық бөлімнің емес, облыс ауыл шарушалығы басқармасының құзыретіне жататыны көрсетілген. Оған қоса, ҚР Азаматтық процессуалдық кодексінің 154 бабы 1-тармағы, 4-тармақшасы бойынша, бөлім талап-арыз беру тәртібін бұзған, анығырақ айтқанда, өтінішке қол қоюға уәкілеттігі жоқ тұлға қол қойған. 

Жоғарыда айтылғандардың негізінде Палата сарапшылары «Жүсіпов» ЖК субсидияны заңмен тағайындалған тәртіпте алған деп тұжырымдады. Оған қоса, сотта Егіндікөл ауданы фермерлерінің дәл осы жағдайға ұқсас тағы төрт ісі жатқаны анықталды.  

Сонымен, Егіндікөл аудандық Ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімінің «Жүсіпов» ЖК-на, сондай-ақ, «Бауманское-07» ЖШС,  «Гүлбарам» ШҚ,  «Сарыарқа» ШҚ, «Алиакбар» ШҚ-на  негізсіз төленген субсидияларды өндіріп алу туралы талап-арызын қанағаттандырылмады. Кәсіпкерлік субъектілерінің 3 млн 6600 теңге сомасындағы құқықтары қорғалды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер