«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Қысым көрсетуге жол жоқ

2016 жылғы 11 Ақпан
- Ақмола облысы
6526 просмотров

Ақмола облысы прокуратурасы ӨКП-ға келіп түскен ең шулы арыздардың бірі бойынша тиісті ұйғарым шығарды

Кәсіпкерлер құқығын қорғау жөніндегі Кеңестің жаңа жылдағы алғашқы отырысында Көкшетау қаласының энергиямен жабдықтаушы компаниясының  іс-әрекеттерін қайта талқылау шешімі қабылданған болатын. «Көкшетау Энерго» Көкшетау қалалық электр желілері» ЖШС 30.03.2015 жылғы ҚР энергетика министрлігімен бекітілген №246 Тұтынушылардың электр жабдықтарын пайдалану техникасының Ережелеріне сәйкес барлық заңды тұлғаларға электр энергиясы тұтынушыларының электр жабдықтарын тиісті қалыпқа келтіру туралы хабарлама таратқан. Хабарландырудың 5 тармағында электр жабдықтарын пайдалану бойынша қызметті жүзеге асыратын және бұл қызмет түрлерін орындауға лицензиясы бар маманданған ұйыммен шарт жасасу қарастырылған.

Палата сарапшылары хабарлама мазмұнын зерттеу арқылы жоғарыда көрсетілген ережелерде мұндай шарт жасау міндетті деп жазылмағанын, тек сақталуы тиіс шарттар ғана барын анықтады. Сондай-ақ хабарландыруда қоқан-лоққы белгілері бар деп танылды, мәселен, хабарландыру шарттарын орындамаған жағдайда энергиямен жабдықтаушы компания электр энергиясын жеткізу туралы шартты бұзу секілді шараларға бармақ.

ӨКП құқықтық блогы сарапшыларының пікірінше монополист хабарландыруды жібермес бұрын кәсіпкерлік субъектісінің қай категорияға жататынын анықтауы, оның сәйкестік критерийлерін және градациясын орнатуы қажет еді. Электрмен жабдықтау шарты жария шарт болып саналады (ҚР Азаматтық кодексінің 387-бабы). ҚР АК сәйкес жария шарт деп өз қызметі аясында өзіне жүгінетін әрбір адамға қатысты тауарларды сату, жұмыстар атқару немесе қызмет көрсету бойынша міндеттерді жүзеге асыруды қарастыратын коммерциялық ұйыммен арада жасалатын шартты айтамыз (бөлшектеп сату, жалпыға ортақ пайдаланылатын көлікпен тасымалдау, байланыс қызметтері, энергиямен жабдықтау, медициналық, мейманханалық қызмет көрсетулер және т.б). Коммерциялық ұйым жария шартын жасауға қатысты заңнамада көрсетілген жағдайлардан басқа кезде бір тұлғаның алдында екінші тұлғаға басымдық беруге құқығы жоқ.

Тиісті тексеріс жүргізген қадағалау органы доминантты нарық субъектісінде орын алған әрекетті анықтап, осыған байланысты прокурорлық жауап қату актісі шығарылды. Енді энергиямен жабдықтау компаниясының барлық  заңбұзушылықтарын көрсетілген мерзім аралығында жою қажет. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер