«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Ол оңтүстік қазақстандық, жас, сенімді, ауыл тұрғыны

2016 жылғы 03 Ақпан
10743 просмотров

Қазақстанның өңірлерінде кәсіпкерлік ахуал зерттелді

Өңірлер көлемінде бизнес ашу бойынша тұрғындардың әлеуетін талдау

Өз ісін ашуға берік ниет білдірген еңбекке қабілетті тұрғындар саны бойынша көшбасшы-өңірлер қатарына Оңтүстік Қазақстан, Алматы, Ақтөбе және Қарағанды облыстары кірді (1-сурет). Қазақстанның дәл осы ірі агломерация орталықтары Қазақстанның даму стратегиялық бағдарламасында өсімнің негізгі нүктелері ретінде белгіленген және олар әлеуетті кәсіпкерлер қатарында көшбасшыға айналды. Аталған жайт агломерацияларды өсімнің негізгі драйверлері және кәсіпкерлік бастамаларды дамытудың орталықтары ретінде нүктелі дамытудың негізділігін және мақсаттылығын тағы бір рет дәлелдейді.

Кәсіпкерлік ниеттің орташа көрсеткіштері тобына республиканың ірі қалалары – Астана мен Алматы қалалары, Атырау, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Қостанай, Маңғыстау, Павлодар және Шығыс Қазақстан облыстары кірді. Кәсіпкерлік ниеттің орташа деңгейлі тобы өңірлердің саны жағынан басым тұрғанын атап айту керек. ҚР өңірлерінің жартысынан астамы осы категорияға кірді (1-сурет). Аталған топтың сан жағынан басымдығы елдегі жеке кәсіпкерлік бастаманы дамытудың шамамен біркелкі екендігін дәлелдейді.

Аутсайдерлер тобына Қызылорда, Солтүстік Қазақстан және Ақмола облыстары кірді. Бұл өңірлерде кәсіпкерлік ниет деңгейі 3%-дық көрсеткіштен аспады (1-сурет).

        1-сурет. ҚР өңірлерінің кәсіпкерлік ниет көрсеткіштеріне сәйкес топтарға бөлінісі

Көшбасшы өңірлер

Бизнес-бастаманың орташа деңгейлі өңірлері

Аутсайдер өңірлер

ОҚО   (17,03%)

Алматы қ. (6,7%)

 

Алматы обл. (12,7%)

ШҚО (6%)

СҚО (2,4%)

Ақтөбе обл. (9,6%)

Атырау обл. (6%)

Ақмола обл. (1,4%)

Қызылорда обл. (0,7%)

Қарағанды обл. (9,6%)

Жамбыл обл. (5,5%)

 

 

Маңғыстау обл. (5,3%)

 

 

Астана (4,6%)

 

 

Қостанай обл. (4,3%)

БҚО (4%)

Павлодар обл. (4%)

 

 

 

 

                        Дереккөз: тұрғындарға әлеуметтік сұрау салу негізінде құрастырылды

Аталған өңірлерде халықтың кәсіпкерлікке қызығушылығының төмен деңгейі бірқатар объективті факторларға байланысты болуы ықтимал: біріншіден, аталған топқа кірген өңірлер, кәсіпкерліктің белсенді субъектілерінің саны бойынша дәстүрлі түрде артта қалды, бұл кең көлемді өткізу нарығы болмауының салдары болып табылады, екіншіден, өңірлерде РФ-ның шекаралық аймақтары тарапынан өте жоғары бәсекелестік бар.

Кәсіпкерлік ниеттің деңгейін анықтау, сондай-ақ, өңірлерді қандай да бір белгісіне қарай топтарға бөлу кезінде, тұрғындардың өз ісімен айналысуға деген  тілегіне барынша ықпал ете алатын факторлар ескерілді. Төменде келтірілген факторлар әрқайсысының кәсіпкерлік ниеттерді қалыптастыру кезіндегі мән-маңызына қарай орналастырылған.  

1. Болашақ кәсіпкерлердің өз бастамасының табыстылығына деген сенімділігі.

2. Таңдап алынған кәсіпкерлік қызмет бойынша тәжірибесі мен білімінің болуы.

3. Жуық арадағы перспективада өз ісін ашу үшін қолайлы жағдайлардың пайда болуы.

4. Таныстар, туыстар және жақын жандар арасында таяуда өз ісін ашқан адамдардың бар болуы (1-қосымша).

Талдау көрсеткендей, өз ісін ашу үшін қолайлы жағдайлардың пайда болу факторы бойынша Маңғыстау, Оңтүстік Қазақстан, Атырау, Ақтөбе, Павлодар облыстары мен Алматы қ. алда келеді (2-сурет). Осылайша, бұл өңірлерді шартты түрде  әлеуетті кәсіпкерлер тұрғысынан анағұрлым тартымды өңірлерге жатқызуға болады.

Қазақстанның солтүстік өңірлерінің төмен әлеуетін атап өту қажет. Аталмыш өңірлер қолайлы жағдайлардың пайда болу көрсеткіші бойынша артта қалып келеді, бұл Ресейдің шекара бойындағы өндірушілері тарапынан бәсекелестіктің ұлғаюына байланысты болуы мүмкін, сондай-ақ, жергілікті тұтынушылардың тауарлар мен қызмет түрлерін бағамдық айырмашылыққа байланысты Ресейден алуды артық көруіне де қатысы бар.

2-сурет. Облыстар бойынша бизнес ашу мүмкіндіктері,

Дереккөз: тұрғындарға әлеуметтік сұрау салу негізінде құрастырылды

Ескерту: қошқыл түспен бизнесті ашу мүмкіндіктері жоғары өңірлер белгіленген

Болашақ кәсіпкерлерді ынталандыратын жеке факторлар/уәждерді білу мықты кәсіпкерлерді қалыптастыру үдерісін басқаруға кең мүмкіндіктер ашады.

Кәсіпкерлік бастамаларды қалыптастыру уәждерін жыныстық құрамы бойынша салыстыру көрсеткендей, көшбасшы өңірлердің ер адамдары, ең алдымен, кірісті ұлғайтудан бұрын, барынша еркіндікке қол жеткізу мүмкіндігіне қызығады. Ал, орташа топ өңірлерінің еркектері, керісінше, кірісті ұлғайтуға мән береді.

Әйелдер арасындағы жағдаят бұған түбірімен қарама-қайшы. Айталық, көшбасшы-өңірлер тобының әйелдері түсімді ұлғайту жағына басымдық береді. Сондай-ақ, көшбасшы өңір әйелдері орташа деңгейлі өңірлер әйелдеріне қарағанда, кәсіпкерлікті табыстарын қолдаудың құралы ретінде пайдаланады, сол арқылы бизнесті жүргізуде қосымша тәжірибе алады.

3-сурет. Көшбасшы-өңірлердің және орташа деңгейлі өңірлер кәсіпкерлерінің гендерлік құрамы бойынша бизнесті құру уәждерінің себептері, %

Дереккөз: тұрғындарға әлеуметтік сұрау салу негізінде құрастырылды

Жас санаты топтарын талдау көрсеткендей, жасы тұрғысынан ең перспективалы әлеуетті кәсіпкерлер – бұл 18-ден 24 жасқа дейінгі тұлғалар. Жастар кәсіпкерлігі көптеген елдерде ШОБ секторының басты қозғаушы күші болып табылады. Қазақстанда анағұрлым белсенді жас кәсіпкерлер Ақтөбе, Атырау, Шығыс Қазақстан және Солтүстік Қазақстан облыстарында анықталды. Ең төменгі көрсеткіш Қызылорда облысында байқалды.

4-сурет. Жасы санаты бойынша белсенді әлеуетті кәсіпкерлер, респонденттер саны

Дереккөз: тұрғындарға әлеуметтік сұрау салу негізінде құрастырылды

Ескерту: қошқыл түспен респонденттердің төменірек орташа жасы белгіленген

Жүргізілген шолу қорытындылары бойынша, кәсіпкерлермен жақсы қарым-қатынастың болуы, кәсіпкерлік тұрғысынан қолайлы ортасы бар өңірлерде тұруы, қажетті дағдылары мен құзыреттілігінің болуы, бизнесті құруда қорқынышқа берілмеуі, бизнесті құруға және нарық үшін жаңа өнімдерді немесе қызметтерді қалыптастыруға ұмтылысы тәрізді қасиеттерге ие елдің ең әлеуетті кәсіпкерлер тобын есепке алу жүргізілді.

Аталған сүзгіге сәйкес, 21 әлеуетті кәсіпкер анықталды, олардың  өз ісін бастау кезінде табысқа жету ықтималдығы аса жоғары. Осы әлеуетті кәсіпкерлерді облыстарға бөлгенде (респонденттердің санын ескеріп) мынадай көрініс пайда болады (5-сурет).  

Ең мықты кәсіпкерлердің пайда болу ықтималдығы Атырау облысында жоғары (100 әлеуетті кәсіпкердің жетеуі). Сондай-ақ, Ақтөбе облысын (4 адам) және Маңғыстау облысын (3 адам) бөліп көрсетуге болады. Осылайша, өте талапты кәсіпкерлердің пайда болуы жағынан Қазақстанның батыс өңірлерінің мүмкіндіктері зор.

Елдің орталық өңірлері, Павлодар облысы мен Алматы аталған таңдау тобында біршама күшті көрсеткішке ие (100 адамнан 1). Осы құрылымдағы қалған өңірлер тым нашар көрініске ие, не болмаса мүлдем жоқ.

 5-сурет. Ең әлеуетті кәсіпкерлері бар өңірлер, %-бен 

Дереккөз: тұрғындарға әлеуметтік сұрау салу негізінде құрастырылды

Ескерту:қошқыл түспен белгіленген тұста ең мықты кәсіпкерлердің үлесі жоғары

  1. Көшбасшы өңірлер

Өңірлер саны: 4 (Оңтүстік Қазақстан, Алматы, Ақтөбе және Қарағанды облыстары).

Тұрғылықты жері бойынша бөлініс

Көшбасшы өңірлердің болашақ кәсіпкерлері негізінен ауылды жерлерде тұрады: респонденттердің жалпы санының 46%-ы қалаларда, 54% -ы – ауылды мекендерде тұрады, мұның өзі тұрғындарды нақты  көшбасшы өңірлерге бөлуге сәйкес келеді.

Респонденттердің жас құрамы респонденттерді негізгі жас санаты топтарына қарай бөлудің біркелкілігін дәлелдейді (6-сурет). Жастар өз ісін жүргізу мүмкіндіктеріне анағұрлым белсенді түрде қызығатыны таң қалдырмайды. Олар барынша ширақ, мобильді, ересек тұрғындарға қарағанда тәуекелге баруға дайын.

6-сурет. Респонденттердің жас құрамы, %-бен

Дереккөз: тұрғындарға әлеуметтік сұрау салу негізінде құрастырылды

Гендерлік бөлініс

Көшбасшы өңірлерде – өз ісін ашуды жоспарлаған әйелдердің ерлермен арақатынасы іс жүзінде 1:1 және әйелдер шамалы алда келеді (7-сурет).

7-сурет. Респонденттердің гендерлік бөлінісі

Дереккөз: тұрғындарға әлеуметтік сұрау салу негізінде құрастырылды

Кәсіпкерлікке ниет білдірген және жеке кәсіпкерлік белсенділікті дамыту жөнінде нақты жоспарлары бар респонденттердің саны жағынан көшбасшы өңірлер мынадай сипатты ерекшеліктерімен көзге түсті.

Бірінші кезекте, аталған топтың респонденттері жақын болашақта олардың өңірлерінде жаңа істі бастау үшін жақсы мүмкіндіктер пайда болатынына үлкен сенім білдіреді, яғни, олар кәсіпкерлік ниеттерінің төмен көрсеткіштері бар өңірлердің өкілдеріне қарағанда анағұрлым оптимистік көңіл-күйге ие. Айталық, өз ісін ашуға ниет білдірген әрбір екінші сұрау салынған респондент, алдағы 6 айдың ішінде жаңадан бастаған кәсіпкерлер үшін қолайлы шарттар пайда болады деп есептейді. Ал, кәсіпкерлік ниеттері төмен топта респонденттердің үштен бірінің ғана таяу болашақтан үміті бар. 

Көшбасшы өңірлерде респонденттер өз мүмкіндіктерін, біліктіліктері мен білімдерін жоғары бағалайды, яғни, аталған өңірлерде болашақ кәсіпкерлердің жаңа істі бастау үшін өз білімдері мен дағдыларын субъективті қабылдауы басқа өңірлерге қарағанда жоғары. Міне, сұрау салынған респонденттердің жартысы өз ісін бастау үшін жеткілікті деңгейдегі білімдер мен тәжірибеге иемін деп есептейді. Ал, мысалы, кәсіпкерлік ниеттері төмен деңгейлі өңірлерде өз мүмкіндіктерін субъективті қабылдау төмен: осы өңірлер тобының сұралған респонденттерінің 40%-ы өз білімдері мен тәжірибесін жағымды бағалайды.

Өз мүмкіндіктерін, білімдері мен кәсіби сапаларын ең жоғары бағалайтын кәсіпкерлер ОҚО мен Ақтөбе облысында тұрады (сәйкесінше 59,4% және 56,8%).


Еншілес ұйымдар

Серіктестер