«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Абылай Мырзахметов: «Нысандарды жеке меншіктегілерге беріңдер»

2015 жылғы 26 Қараша
16850 просмотров

«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Басқарма Төрағасы Қазақстанда жекешелендірудің екінші толқынына қатысушылар үшін жасалып жатқан жағдайлар айтарлықтай тиімді деп есептейді.

Абылай Мырзахметов бұл туралы Қазақстанның Үкіметінде өткен селекторлық жиналыс аяқталған соң palata.kz-ке берген эксклюзивті сұхбатында атап өтті. Жиналыста жаңа нысандарды жекешелендіруге даярлық мәселесі егжей-тегжейлі талқыланған болатын.

- Абылай Исабекұлы, жаңа жекешелендіруден не күтесіз? Қаржы министрлігі  берген деректер бойынша, 67 нысанның жаңа қожайыны жеке тұлғалар болып шыққан екен. Сонда олар заңды тұлғалардан басым түсіп отырғаны ғой …

- Негізінде, кез-келген заңды тұлғаның артында жеке тұлға тұр, сондықтан да бұдан қорқатын ештеңесі жоқ. Бұл капиталы бар белгілі бір компаниялардың акционерлері. Жекешелендіру және оның ашықтығы жөнінен көп күмәнім жоқ. Барлығын ашық талқылаймыз, бұл Елбасымыздың қалауы. Әзірше ешқандай түйткіл көріп отырған жоқпыз. Мемлекет ондаған жылдар бойы араласып келді, енді кері қайтуымыз қажет. Әрине, оңай болмайды, сондықтан да кейде мемлекеттік органдарға сауалдар туындап жатады. Бұған түсіністікпен қараймыз. Үкіметпен бірге осы процестің барлық жағымды және жағымсыз тұстарын талқыладық. Ал қазір бұл мәселе төңірегіндегі барлық кедергілер алынып тасталды. Енді нысанды оның теңгерімдік құнынан да төменге сатуға болады, тек тиімді қожайын табылса болды. Мемлекеттің бұл нысанды ұстап тұруға және қазіргідей әрбір тиын есептеулі кезеңде қаражат жұмсағанына қарағанда, осы дұрыс. Шығындарды тіркеп қойып, жеке меншік иесіне беруіміз керек. Жеке меншіктегі тұлға нысанды мақсатына сай қолданады. Мемлекеттің килікпеу қағидаты сақталуға тиіс. Жекешелендіру – бұл осы қалауды орындау әрекеті.

-Үкіметте жекешелендірудің екінші толқыны үшін жасалып жатқан жағдайға қандай баға бересіз? Мемлекеттік органдар даярлық кезінде «Атамекен» ҰКП барлық ұсыныстарын  ескеріп жатыр ма?

- Соңғы жаңалықтарды ескере отырсақ, біршама сақталуда. Кәсіпкерде капитал жетіспегенде және нысан онша тартымды болмаса, мемлекет оны 10 жыл бөліп төлеуге сата алады деген норма негізделді. Менің ойымша, бұл жекешелендіру процесіне барлығының да қатысуына мүмкіндік береді.

- Жалпы, жекешелендіру процесіне оптимистік көзқараста болдыңыз ғой…

- Иә, оптимистік ойдамын. Әрбір активтің артында мемлекеттік органдар, әкімдіктер тұрғаны түсінікті. Олар қанда да бір себеппен бұрынғыша қарсыласатын болады. Олар, мәселен, ЖЭО жекенің қолына берілсе, онда міндетті түрде бірдеңе бұзылып, халық жылусыз қалады деген оймен жүреді. Мұның бәрін бастан кешкенбіз. Жеке меншік иесінің қолынан бәрі де келеді. Және де, ең бастысы, мәселе нысанды жеке меншікке беруде ғана емес, мемлекеттік-жеке меншік әріптестікті де қолдану қажет.

Жанар Сердалина


Еншілес ұйымдар

Серіктестер