«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Заңсыз айыппұлды төлемеймін!

2015 жылғы 21 Тамыз
- Атырау облысы
9335 просмотров

Атырау облысы кәсіпкерлер палатасының заңгерлері кәсіпкерге салынған шамамен 200 мың теңге сомасындағы айыппұлдың күшін жойды

Атырау қаласы мамандандырылған әкімшілік сотының шешімімен Атырау облысы көліктік бақылау инспекциясының «Альянс-БИ Коммерц» ЖШС-н әкімшілік жауапкершілікке тарту және 100 АЕК немесе 198 200 теңге мөлшеріндегі айыппұл салу туралы қаулысының күші жойылды. Сотта серіктестіктің мүддесін Атырау облысы Кәсіпкерлер палатасының заңгері Махсот Қалдығұлов танытты.

Іс материалдарына қарағанда, үстіміздегі жылдың 30 маусымында шамамен сағат 15:30-да «Атырау-Астрахань» жолында «ҚазТурбоРемонт» зауытының ауданында Атырау облысы көлік бақылау инспекциясының қызметкерлері «Альянс-БИ Коммерц» ЖШС-ға тиесілі «Урал-4320-40» таңбалы автокөлік құралын тоқтатады. Инспекция қызметкері автокөлік құжатын талап етіп, автомашинаның өлшенуден өтуін ұсынады. Осыдан кейін олар акт және әкімшілік хаттама жасайды. Өлшеу нәтижесінде автокөліктің екінші өсінің салмағы 8 280 келіге тең болады, үшінші өсінікі - 8 200 келі, сәйкесінше, жалпы салмағы 16 480 келіні құрайды. Жалпы, артқы өске жүктеме 16,48 тоннаны құраған, ал негізінде тек 16 тоннаға ғана рұқсат етілген. Ал «Альянс-БИ Коммерц» ЖШС-да қосымша жүктемеге сәйкес рұқсат болмаған. Мемлекеттік орган өкілі осы деректі негізге ала отырып, хаттама жасап, осыдан соң ҚР Үкіметінің 2002 жылғы 19 қаңтардағы автокөлік құралдарының жол берілетін өстік жүктемелері бекітілген №62 Қаулысының бұзылғаны үшін әкімшілік жазалау туралы қаулы шығарылады.     

«Альянс-БИ Коммерц» ЖШС директоры Геннадий Гончаров айтып өткендей, «Урал-4320-40» таңбалы автокөлік құралының дайындаушы зауыт берген техникалық сипаттамасында төлқұжаттық деректер бойынша артқы қосарлы өске жүктеменің 16 тоннаны құрайтыны жазылған, бұл автокранды қандай да бір құжаттарсыз пайдалануға жол береді.

«Көлік бақылау бекеті қызметкерлерінің өлшеуді қалай жүргізгені түсініксіз. Бұл жағдайда салмақтан асып кету мүмкін емес, сонымен қатар автокранда қосымша жүктеме болмаған, зауыт өлшемдері техникалық төлқұжатта көзделген», - дейді Геннадий Гончаров.

Кәсіпкер өлшемдер мен жүктемені өлшеу кезінде дұрыс өлшеу жүргізілмеген және аспапты қолдануда бұзуға жол берілген, барлық алты доңғалақтың өстік салмағы мен өстер арасындағы қашықтық ескерілмеген, автокөлік тегіс емес бетте тұрған деп есептейді.

Кәсіпкердің айтуынша «Альянс-БИ Коммерц» ЖШС өкіліне, атап айтқанда, автокөтергіш жүргізушісіне Әкімшілік құқық бұзулар кодексі талаптарына сәйкес құқықтары мен міндеттемелері түсіндірілмеген. Жарты сағат ішінде хаттама жазылып, қаулы шығарылған. Осының бәрі хаттамаға қол қоюмен аяқталған. Сондай-ақ тасымалдаушы тарабына өлшеу актісі ұсынылмаған. Оның үстіне лауазымды тұлға күшін жойған әкімшілік құқық бұзу заңнамасының нормаларына сілтеме жасайды.

Атырау облысы Кәсіпкерлер палатасының заңгері Махсот Қалдығұлов жоғарыда айтылғанға орай соттың құқық бұзу құрамының жоқтығынан және процессуалдық нормалардың бұзылуы себебінен істі тоқтатуын сұрады.

Сот әкімшілік құқық бұзу туралы қаулының заңдылығы мен негізділігін тексеріп шығып, шағымды қарау процесінде зерттелген, мемлекеттік орган назарға алмаған істің шынайы мән-жайы туралы дәлелдерді ескере отырып, «Альянс-БИ Коммерц» ЖШС шағымын қанағаттандыруға және көлік бақылау инспекциясы қаулысының күшін жоюға шешім шығарды. 


Ұқсас жаңалықтар:

Еншілес ұйымдар

Серіктестер