«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Оралда Кәсіпкерлер палатасының сарапшылары заңсыз түрде тағайындалған тексерісті тоқтатып, кәсіпорынның құқығын қорғап қалды

2015 жылғы 07 Тамыз
6319 просмотров

«Оралқұрылысинвест» ЖШС директоры Алексей Безъянов Батыс Қазақстан облысы мемлекеттік табыс департаментінің тақырыптық тексеріс өткізу туралы ұйғарымына қатысты жүгінді.

Компания директоры өтінішінде тексеріс жүргізуге ұйғарым Самат Көжеков есімді азаматтың жеке табыс салығын есептеу мен еңбекақы төлеудің қате жүргізілетіні жайлы шағымының негізінде шығарылғанын түсіндірді. Батыс Қазақстан облысы Мемлекеттік табыс департаменті бастапқы бухгалтерлік құжаттарды, шарттарды, орындалған жұмыстар актілерін, негізгі қаражаттар туралы есептер мен 2010 жылғы қаңтар айынан бастап 2015 жылғы наурыз айына дейінгі кезеңдегі өзге де құжаттарды талап еткен. Кәсіпорын басшылығы осы талапты орындамаған жағдайда әкімшілік жауапкершілік туралы ескертеді.

«Кәсіпорнымыз салықты дұрыс төлейді және бюджет алдында қарызы жоқ. Қазірде кәсіпорын ұжымы бес нысанда жұмыс жасап жатыр және жүктемесі көлемді, себебі құрылыс маусымының бел ортасы. Жұмысшылар аппаратын алаңдату күллі кәсіпорын жұмысынан кері әсерін тигізеді. Бақылаушы органдарға жасаған өтініштеріміз сәйкес нәтиже берген жоқ. Бір ғана жол болып отыр – ол Палатаға жүгіну», - деді Алексей Безъянов.

Өтініш Кәсіпкерлер құқығын қорғау жөніндегі Кеңесте қаралды. Сарапшылар Самат Көжековтың компаниямен еңбек қатынасында болмағанына дәлел ұсынды. Сәйкесінше, оның шағымы тақырыптық тексеріс жүргізуге негіздеме бола алмайды.

Кеңес мүшелері Орал қаласының прокурорына жүгінуге шешім қабылдады. Мұнда Мемлекеттік табыс департаменті тарапынан жасалған тексеріс ұйғарымының заңсыздығына көз жеткізіп, Палатаның құқықтық блогының ұстанымымен келісті: прокуратура қарсылық шығарды. Қазір қарсылық толықтай қанағаттандырылды, Батыс Қазақстан облысы Мемлекеттік табыс департаментінің айыпты тұлғаларын тәртіптік жауапкершілікке тартуға материалдар дайындалып жатыр.

Ал жақында «Оралқұрылысинвест» ЖШС директоры Алексей Безъяновтан БҚО Кәсіпкерлер палатасының қызметкерлеріне кәсіпорын түйткілдерін шешуде көрсеткен кәсіпқойлық пен жеделдік үшін алғыс айтылған хаты келіп жетті.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер