«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

ҰКП индустриялық аймақтар мен АЭА бірыңғай операторы ролін алуға дайын

2015 жылғы 13 Шілде
19299 просмотров

«Атамекен» ҰКП атқарушы хатшысы Евгений Больгерт АЭА және индустриялық аумақтарды басқаруда нені өзгерту керектігі жайлы ойын ортаға салды.

Өнеркәсіптің дамуы мемлекет өміріндегі ажыратқысыз бөлік. Қазақстанда жеке өндірістерді дамытуға көп көңіл бөлінеді. Тәуелсіздік алған сәттен бері елімізде еркін экономикалық аймақтар құрылып жатыр. Олар кейін «арнайы» деген атау алды. Сәл кейін тағы бір ұғым пайда болды – индустриялық аймақтар. Қос ұғымның да тиімділігі жайлы дау көп болды. Евгений Больгерт осы мәселені талдап, сонымен қатар аймақтарды құруға және басқару деген ұстанымдарды түбірімен айырбастайтын кез келді деп есептейді. ҰКП АЭА мен индстриялық аймақтарды жаңа кезеңге шығаратын нақты шаралар жайлы мәлімдейді.

- «Арнайы экономикалық аймақтар» және «индустриялық аймақтар» ұғымдарынан бастайық. Олардың айырмашылығы неде?

- Бүгінде заңнамалық деңгейде индустриялық аймақтардың нақты реттемесі жоқ. Бұл ішінара жеке кәсіпкерлік туралы заңда, «Бизнестің жол картасы-2020» және «Нұрлы жол» бағдарламасында қозғалады. Бірақ анық құқықтық мәртебе, жазылған механизм жоқ: индустриялық аймақ қалай құрылады, қалай қызмет жасайды, қалай толықтырылады, индустриялық аймақ базасында өз өндірісін ұйымдастыратын кәсіпкер қандай басымдылықтар алады. Тек жалпы шекті шарттар ғана бар: ең алдымен, индустриялық аймақ – бұл инфрақұрылыммен жабдықталуға тиіс жер телімі.

Әзірше, өкінішке орай, аймақ ішінде жылу энергиясы, электр энергиясы немесе жолдар, ол жерден өнімді алып кету үшін темір жол тұйығы, қандай да бір ғимараттар, құрылыстар бола ма, түсініксіз. Өкінішке орай, заң жүзінде бұл әзірше олқылық боп қала береді: инфрақұрылым ұғымының анықтамасы анық емес. Осыдан келіп мемлекет пен кәсіпкерлер міндеттемелерімен байланысты сауалдар туындайды. Яғни, егер қазіргі ұстаным бойынша кәсіпкер өз өндірісін индустриялық аймақ аумағында орналастыру үшін құны кем дегенде 10 млрд тұратын жобаны жүзеге асыру керек болса, мемлекеттің өзіне қандай міндеттемені алатыны әзірше түсініксіз, ол бұның орнына не береді.

Индустриялық аймақтардың АЭА-дан принципті түрдегі айырмашылығы АЭА барлығы мерзімдік болуында, яғни олар белгілі бір мерзімге құрылған. Ережеге сай, олар нақты салалық бағыттылыққа ие, әрбір арнайы экономикалық аймақтың сонда дамытылуға тиіс басымдылықты қызмет түрі бар. Металлургия, металл өңдеу – Қарағандыда, химия паркі – Таразда, инновациялық технологиялар паркі – Алматыда және басқалары. Осы АЭА өмір сүруінің нақты байлауы мен мерзімі бар. Сонымен қатар, АЭА қатысушысына белгілі бір салықтық және кедендік жеңілдіктерге кепілдік берілетіні аса маңызды ерекшелік болып табылады. Қазіргі сәтте индустриялық аймақтар қатысушыларына салықтық та, кедендік те жеңілдіктер берілмейді. Инвестициялар туралы заң бойынша индустриялық аймақ аумағында жүзеге асырылатын жаңа өндірістер үшін жобаға сен инвестициялайтын сомадан 30% қайтару механизмі көзделген. Бірақ мәселе бұл тек жаңа өндірістер үшін ғана екендігінде болып отыр. Яғни, егер өзіңнің өндірісіңді кеңейткің келсе, өкінішке орай, сенде шектеу болады. Инвестициялар жөніндегі комитетпен индустриялық аймақтарды дамыту жөніндегі болашақ ұстанымдарды талқылау кезінде осыған назар аударамыз.

- Бүгінде Қазақстанда қанша АЭА және индустриялық аймақ бар? Олардың қандай бөлігі табыспен қызмет жасауда?

- Біз жасаған талдау бойынша, бүгінгі таңда Қазақстанда 50 индустриялық аймақ тіркелген, мәлімделген қатысушылар саны – 339. Сонымен бірге, 50 индустриялық аймақтың 10-ы қызмет жасайды, оларда 213 қатысушы бар. Бірақ оның ішінде пайдалануға енгізілгені жартысынан аз. АЭА-лар жайлы айта кетсек. Бүгінде 10 АЭА бар. Жақын арада «Астана – жаңа қала» АЭА әрекет ету мерзімі аяқталады, ал «Тараз» Химия паркі» АЭА ең соңына дейін қызмет жасайтын болады – бұл 2037 жыл. Арнайы экономикалық аймақтардың да тарихы қалыптасты, әсері сезілді, мәселен, Астана құрылысын көріп жүрміз. Бірақ АЭА өздері түрліше дамып, жұмыс жасап жатқанын, белгілі бір деңгейдің жоқтығын мойындау керек.

- Мәселе неде? Неліктен экономикалық әсері шамалы?

- Құрылған индустриялық аймақтардың кейін зерттелмейтіндігі, еш сүйемел жасалмауы аса үлкен түйткіл. Мәселе постинвестициялық кезеңнің өте маңызды болуында, себебі әрбір компания үшін алғашқы үш жыл – бұл жаңа ғана бас көтерген, нарықтың белгілі бір үлесін жаулап алған сезімтал кезең. Бізде кәсіпорындар салынады, жұмысын бастайды, ал сосын тоқтап қалады, себебі сату жөнінен жаңсақтыққа жол берілген, тәуекелдер ескерілмеген – мұның бәрі, біздің ойымызша, жобаларды іріктеу кезеңінде біршама мұқият бағалануға тиіс. Ал бүгінде жобаларды іріктеу еш жерде реттемеленбеген, яғни инудстриялық аймақтарға жобаларды іріктеу жөнінен ешқандай ереже жоқ. Бұл жобаның қаншалықты тиімді екеніне ешкім қарамайды да, осыдан келіп, индустриялық аймақтардың жалпы тиімділігі жайлы сауалдар туындайды.

Шынын айтсам, Оңтүстік Қазақстан облысындағы индустриялық аймақтар әкім бекіткен нақты нұсқаулықтарды басшылыққа алады – бұл индустриялық аймақты қалай ұйымдастыру керектігін біршама егжей-тегжейлі түсіндірген жалғыз құжат. Яғни онда инфрақұрылым дегеніміздің не екені жақсылап жазылған. Бұл, әрине, заң емес, бірақ бұл олар басшылыққа алатын өңірге арналған нормативтік акт. Бұл тәжірибені міндетті түрде ескереміз, оны басқа өңірлерде қолдануға ұсынатын боламыз.

Бұл мәселеде Ұлттық палата қандай жұмыс жүргізіп жатыр? ҰКП-да арнайы экономикалық және индустриялық аймақтарды дамытуға қатысты қандай да бір ұсыныстар бар ма?

Индустриялық аймақтардың барлық заңнамалық реттемесі, біздің ойымызша, Мәжілісте жатқан Кәсіпкерлік кодекс жобасына енгізілуге тиіс. Бұл кодекс көптеген заңдардан тұрады, соның ішінде АЭА туралы заңның базалық ережелері де бар. Осыған ұқсас әзірлеушілерге кодекс жобасына индустриялық аймақтар бойынша сәйкес бөлім қосуды ұсынғымыз келеді. Бізде нақты атқарымдар да жоқ емес.

Индустриялық аймақтар болсын, АЭА болсын, басқару мәселе аса өткірленіп тұр. Индустриялық аймақтардың өзін ірі кәсіпорындардың бос тұрған, іске тартылмаған учаскелерінің базасына орналастыру қажет деп санаймыз. Яғни, мысалы, қандай да бір цехтары тоқтап тұрған көлемді кәсіпорын. Ол бұл орынды қолданбайды, бірақ оны үнемі күтімде ұстау керек, онда инфрақұрылым бар және өндірісті орналастыруға бәрі де дайын деуге болады. Бұл индустриялық аймақтарды дамытудың ықтимал нұсқаларының бірі.

Екінші. Басқару жөнінен Түркия мен Ресей тәжірибесін иемденуге болады. Онда барлық индустриялық аймақтардың бірыңғай операторы әрекет етеді. Бұл индустриялық аймақтардың даму стратегиясын жасайтын, олардың басты бағыттарын анықтайтын, ойын ережесін белгілейтін ұйым. Және де онда индустриялық аймақтарды басқару үшін кәсіби басқару компаниялары тартылатыны аса маңызды. Ал бізде «Қазақстан темір жолы» басқаратын логистикалық арнайы экономикалық аймақтарды қоспағанда, негізгі басқару әкімдіктер қолында. Осыдан келіп қиындықтар туындайды, себебі әкімдік қаншалықты жедел қимылдаса да, бұл төрешілдік, белгілі бір мерзімдер және басқалары.

АЭА бойынша тағы бір үлкен мәселе болжанған инфрақұрылымның уақытында салынбауы, яғни техникалық қатынас тұрғысынан арнайы экономикалық аймақтың дайындығы жоқ. Сондықтан да қандай да бір нақты жобалардың мерзімдері кейінге шегеріледі. Мұның бәрінің себебі неде? Себебі инфрақұрылым жасақтаудың бюджеті әкімдіктерде. Олар барлық тендерлік процедуралар арқылы жеткізушілерді айқындауға тиіс, жеткізушілерге мерзім керек, бас мердігерлердің қосалқы мердігерлері бар және осылай кете береді. Біздің ресейлік және түрік әріптестер жерді пайдалану құқығына ие, осы арнайы экономикалық немесе индустриялық аймақты дамыту жөнінен белгілі бір шешім қабылдау құқығы бар кәсіпқойларды тарта отырып, басқа жолды таңдаған – бұл тиімділікті көтереді. Өнеркәсіптік аймақтары аумағында 50 мыңнан астам кәсіпорын шоғырланған Түркия мысалы бойынша пайым жасауға болады. Осы кәсіпорындарда 1,6 млн адам жұмыспен қамтылған, ал Түркиядағы жалпы өндіріс секторында 5 миллион адам еңбек етеді.

Қазақстанда түрлі ұстанымды түрлі өңірлерде индустриялық аймақ құру процесі жүріп жатыр, бірыңғай нақты алгоритм жоқ. Біз, Палата ретінде, қазір АЭА және индустриялық аймақтарды дамыту жөніндегі бірыңғай оператор жасақтау қажеттігін айтқымыз келеді. Бұл рольді Ұлттық палатаға беруге болады. Екіншіден, АЭА, индустриялық аймақтарды басқару жөніндегі уәкілеттікті Палата қатысуымен жүзеге асыруға болады. ҰКП туралы заңда бізде мұндай функция бар. Ол әзірше жүзеге асырылмаған, бірақ бұл жақын болашақтың мәселесі.

Қазірде, өкінішке орай, индустриялық девелопментті дамыту үшін жағдай жасалмаған. Бұл индустриялық аймақ аумағында жобаны жай ғана жүзеге асырып қоймай, жалпы индустриялық аймақ құру дербес инвестициялық жобаға айналуында жатыр. Яғни мен жеке инвестор ретінде ақшаны индустриялық аймақ құруға саламын. Белгілі бір жер телімін, инфрақұрылым алғым келеді, қалғаны – менің инвестицияларым, өндірістік алаңдар, кеңсе ғимараты құрылысына саламын, басқарушы компания құрамын, индустриялық аймақ аумағына жобаларды тартумен айналысамын және тағы сол сияқты. Жеке меншік өнеркәсіптік девелопмент өте маңызды. Және де, негізінде, мемлекеттік органдарда мұндай түсінік бар, бірақ бұл бағытты дамытуға серпін беру үшін, біздің ойымызша, ең құрымаса, «Инвестициялар туралы» заңға белгілі бір өзгертулер енгізу қажет етіледі. Бұл бастапқы кезеңде мемлекеттің қолдауын қажет ететін қандай да бір жоба ретіндегі жеке меншік индустриялық аймақ құру бойынша жобаның өзін қарау үшін де қажет. Аталмыш  индустриялық аймақ арасында жеке меншіктегілер де бар екенін білеміз, бірақ, өкінішке орай, олар жұмысын тиімді түрде бастады деп айта алмаймын. Бұл аумағында жеке өндірістік қуаттылықтарыңды орнатуыңа болатын қандай да бір кәсіпорынның жеке қажеттілігі үшін қолданылады. Бірақ жеке меншік индустриялық аймақтар иелері бұл аумаққа жаңа жобаларды тартуды міндет тұтпайды.

Индустриялық аймақ құру процесі жалғасуда. Биылғы жылы, Инвестициялар және даму министрлігі берген ақпарат бойынша, 8 индустриялық аймақ құрылды, инфрақұрылым қаржыландырылды – шамамен 2,5 млрд теңге бюджет қаражаты.

- Қорытынды жасайық. АЭА және индустриялық аймақтар жағдайын өзгерту үшін заңнамалық актілерге қандай өзгертулер енгізу қажет?

-Индустриялық аумақ құру міндеті қазір барлық әкімдіктердің күн тәртібіне шығарылған. Және де біз мұның индстриялық аймақ құру үшін ғана индустриялық аймақ құру үздіксіз процесіне айналып кетеді ме деп алаңдаймыз. Тәуекел бар, себебі жобаларды іріктеу бойынша бірыңғай ұстаным, нақты ереже жоқ және заңнамалық негіз де жоқ. Біз әр қадамды реттемелеуді қолдамаймыз, бірақ базалық дүниелерді белгілеп қою керек: Индустриялық аймақ дегеніміз не? Осы индустриялық аймақ қатысушысы болсаң, сен үшін қандай жағымды тұстар болады? Мемлекет қандай міндеттемелерді өз мойнына алады, кәсіпкерлік қоғамдастық ше? Ұлттық палата мұнда қандай рольді атқарады? Индустриялық аймақ қалай басқарылады? АЭА құруда да, индусриялық аймақ құруда да тілек біреу – бұл экспортқа арналған өнім өндіру. Бірақ қазір АЭА-лар жинақтаған тәжірибені талдайтын уақыт келгенін көріп отырмыз. Қазір Мәжілісте АЭА туралы заңға түзетулер енгізу туралы заң жобасы жатыр. Аталмыш заң жобасын қазір мұқият зерттеп жатырмыз және онда белгілі бір ұстанымдарды таба аламыз деп сенеміз.

ҰКП Өңірлік даму картасын құрып жатыр. Бұл Палатның өңірлердегі кәсіпкерлікті дамытудың келешегі бар бағыттарының тізбесі бар өнімі болмақшы. Және де индустриялық аймақтарға жобаларды іріктеу кезінде, аталмыш процеске Палатаны қатыстыра отырып, осы жобалармен өңірлердің дамуы жөніндегі ойымыз үйлесім тапса дейміз. Әзірше ондай үйлесім жоқ.

Жақын арада кәсіпкерлік кодекске ұсыныстар жасауды және индустриялық аймақтарды, сонымен бірге жеке меншік индустриялық аймақтарды дамыту тұжырымдамасына деген көзқарасымызды ресімдеуді, және де мемлекеттік  органдардағы әріптестерімізбен талқылауға кірісуді жоспарлап отырмыз.


Ұқсас жаңалықтар:

Еншілес ұйымдар

Серіктестер