«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Шағын бизнес өңірлерде белсендірек

2015 жылғы 13 Шілде
9956 просмотров

Республикамыздың 10 облысында шағын кәсіпорындардың өсуі байқалады

Ranking.kz талдамалық қызметі мамандарының ақпаратына сүйенсек, шағын бизнес кәсіпорындарының саны жөнінен көш басында еліміздегі халқы тығыз орналасқан өңірлердің бірі – Оңтүстік Қазақстан облысы. Мұнда өңірдегі бұрыннан келе жатқан шағын кәсіпорындар қатарына тағы 122 компания қосылған.

Орталық Қазақстан бизнесмендері де өз қызметін белсендірген. Сөйтіп, Қарағанды облысында осы жылдың мамыр айында тағы да 90 шағын және орта кәсіпорын ұйымы құрылған.

Жалпы алғанда, ел бойынша белсенді шағын кәсіпорын саны мамыр айында 116,3 мыңға дейін ұлғайған (180 компанияға).

Дегенмен, Астана мен Алматы қалаларын қосқанда алты өңірде кері динамика байқалады. Шағын бизнестің мол шоғырының Алматыда қалатындығына қарамастан, мамыр айында қаржы орталығы деген ерекше мәртебеге ие  қала жайғасымын босаңсытып алды (ҚР-дан минус 0,1%, 22,2% дейін). Астананың да үлесі төмендеді (ҚР-дан 7,3%, бір айы бұрынғы 7,4%-ға қарсы алғанда).

Өңірлер қимасында алар болсақ, онда ОҚО шағын және орта бизнес кәсіпорындарының саны жөнінен белгілі бір тұрақтылықты байқатады (ҚР-дан 8,4%, мамыр айындағы өсім - 0,1%) және Қарағанды облысы (тұрақты - 8,1%).

Бір айта кететіні, соңғы бес жылда (2011-2015 жылдар мамыр айы) ҚР шағын белсенді кәсіпорындарының бизнес-регистрі 12,2% ұлғайған.

Талдаушылардың ойынша, 2015 жылғы мамыр айы қорытындысы бойынша көш бастаған облыстардағы шағын бизнес нарықтан да жылдам өскен: Оңтүстік Қазақстан облысы 24,6%-ға бес жылдық өсімді көрсетті, Қарағанды облысы - 17,9%.

Мегаполистер, керісінше, осы бес жылдық кезеңде ҚР бойынша орташа алғандағыдан төмен өсім көрсеткен: Алматы - 12,1%, Астана – бар-жоғы 8,7%.

Ақпаратты Ranking.kz талдамалық қызметі ұсынған


Ұқсас жаңалықтар:

Еншілес ұйымдар

Серіктестер