«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Ағаш өңдеу ісінің де келешегі бар

2015 жылғы 10 Маусым
21262 просмотров

«Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы ағаш өңдеу өнеркәсібінде еңбек етіп жүрген кәсіпкерлерге мемлекеттік қолдау шараларын көрсетуге бар күшін салуда

«Атамекен» ҚР ҰКП Өңдеу өнеркәсібі комитеті Ағаш өңдеу саласы кіші комитетінің отырысында бұл туралы хатшылық басшысы Нұрлан Сақуов хабарлады.

Отырыс Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетіндегі «Деградацияға ұшыраған ормандарды және олардың құнарлылығын қалпына келтіру» халықаралық форумының аясында өтті. Отырысқа Қазақстанның орман өнеркәсіптік кешені өкілдері де қатысты.

Ағаш өңдеу саласы экономикалық тұрғыдан келешегі жоқ деген көп таралған жаңсақ пікір бар. «Дей тұрғанмен, бұл сала тіршілік етіп келеді, отандық ағаш өңдеуші кәсіпорындар мемлекеттік сатып алуларда бәсекеге қабілетті өнімді ғана емес, ірі жекеменшік компаниялар сұрауына ие өнім шығарып жатыр. Оның үстіне, отандық ағаш өңдеушілер әзірлейтін бұйымдарды шетелге экспорттауға болады», - деп атады Нұрлан Сақуов.

Оның айтуынша, сала серпінмен әрі тиімді даму алсын десек, оған мемлекет тарапынан қолдау қажет. Ал Ұлттық кәсіпкерлер палатасы бұл бағытта үлкен жұмыс атқарып жатыр.

«Атамекен» ҰКП Өңдеу өнеркәсібі комитеті Хатшылығының басшысы айтып кеткендей, Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттікте кәсіпорындар үшін кепілдік бар. Алайда, оның сөзіне сүйенсек, 2014 жылға дейін ағаш өңдеуші кәсіпорындар басымдылықты салалар тізіміне кірмеген, осыған орай бюджеттен қандай да бір қаражат алуға сүйене алмаған. Ендігі жерде, Нұрлан Сақуовтың айтуынша, «Атамекен» ҰКП жәрдемімен ағаш өңдеу саласы инновациялық гранттар беру үшін экономиканың басымдылықты бағыттары тізіміне кіргізілген.

ҰКП сонымен қатар «Астана ЭКСПО-2017» компаниясының өз сатып алуларында көрме құрылысына қолдануға болатын отандық ағаш өніміне бағдар жасағанын алға тартты.

Нұрлан Сақуов берген ақпарат бойынша, ҚР Ауылшаруашылық және Инвестициялар және даму министрліктерімен бірге «Экономиканың ағаш ісі секторын дамыту» бағдарламасы жасалған. Аталмыш бағдарламада Қазақстандағы ормандарды сақтауға және ағаш өңдеудегі қазақстандық мазмұн үлесін көтеруге назар аударылған.

«Алайда басқа ведомстволар тарапынан, атап айтқанда, ҚР Ұлттық экономика министрлігі тарапынан, аталмыш жобаны алып тастауға бірнеше рет талпыныс жасалған. Қазір Палата Қазақстанда ағаш өнеркәсібі кешенін мемлекеттік қолдау шаралары қабылдануы бойынша жұмыс жасап жатыр», - деді «Атамекен» ҚР ҰКП Өңдеу өнеркәсібі комитеті Хатшылығының басшысы.

Құрылыс саласы ағаш өңдеушілер үшін әлеуетті өткізу нарығы болып табылады. Алайда бұл жерде сатып алулармен байланысты түйткіл де жоқ емес. Кәсіпкерлердің ҰКП-ға жеткен шағымдары бойынша, құрылыс компаниялары сатып алуларды көбінесе бұрыннан байланыс орнатылғандармен, не ресейліктермен, тіпті жалған өндірушілермен іске асырып жатады.

«Орын алған түйткілдерді жою үшін және осы жұмысты жүйелендіру үшін Құрылыс материалдарын өндірушілер тізілімін құру, соның ішінде ағаш өңдеу саласы бойынша тізілім жасақтау ұсынылды. Болашақта құрылыс компаниялары осы тізілімді бағдарға алатын болды», - деп хабарлады Нұрлан Сақуов.

Ұлттық кәсіпкерлер палатасы осыған байланысты «Жасыл орман» Орман шаруашылығы және ағашты қайта өңдеу ұйымдары қауымдастығымен бірге ағаш өңдеу кәсіпорындарының арасында сауалнама ұйымдастыруды жоспарлап отыр. Бұл өткізу нарығын анықтауға және әлеуетті тапсырыс берушілерді айқындауға мүмкіндік береді.

ҰКП өкілі кәсіпкерлерге «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ еншілес компанияларымен белсендірек жұмыс жасауға кеңес беріп, Палатада Қор еншілестері биылғы жылы жүзеге асырғалы жатқан жоспарланған және өткізілген сатып алулары жайлы қажет ақпарат бар екенін айтты.

Отандық ағаш өңдеушілер дәл осы мәліметтерді пайдалана алады, ал ҰКП өз кезегінде олардың ұлттық компаниялар өткізетін сатып алуларға қатысуына жәрдемдеседі. Бірақ, Нұрлан Сақуов атап өткендей, бұл мәселеде кәсіпкерлердің өздері де бастама көрсете алады.

Өңдеу өнеркәсібі комитетінің Хатшылығы ағаш өңдеушілерді ҰКП-ға кез-келген түйткілмен жүгінуге, салалық қауымдастық арқылы өз ұсыныстарын енгізуге үндеді.

«KAZNEX INVEST» Экспорт және инвестициялар жөніндегі ұлттық агенттігінің өкілі Әнуар Бейсеков кәсіпкерлерге мемлекеттік қолдау шаралары туралы ақпарат берді.

Оның айтуынша, Агенттік кәсіпкерлерге сервистік қолдау көрсетеді. Атап айтқанда, бұл мемлекеттік іс-шараларға (сауда миссияларына) қатысу, сұраныс болған жағдайда шетелде қандай да бір өндірушінің өніміне әлеуетті сатып алушы іздеп табуға көмек, ал бұл тегін негізде көрсетіледі.

«KAZNEX INVEST» өкілі айтқандай, кәсіпкерлерге бизнес-форум ұйымдастыруда, орын-жай, көрме алаңдарын жалдауда, тауар белгісін таныстыруда көмек көрсетіледі. Ол сонымен бірге аталмыш қолдау құралдарының барлығы соңғы нәтижеге бағытталғанын баса көрсетті.

Кәсіпкерлер де өз кезегінде өндіріс дамуын сөз етіп, толғандырып жүрген мәселелерін ортаға салды. Ағаш өңдеушілер жолдардың нашарлығына, өткізу нарығының жоқтығына, басқа да мәселелерге шағымданды. Сонымен, Солтүстік Қазақстан облысы Ағаш өңдеушілер қауымдастығының төрағасы Сермұхамет Оралұлы аталмыш салаға дұрыс тұрғыдан келсек, жұмысты тиімді ұйымдастыруға болатынын атады. Қазір, оның айтуынша, құжаттардың көп көлемін талап ету, қағаз жұмыстары ағаш дайындаушылардың жемісті еңбек етуіне кедергі жасайды (Солтүстік Қазақстанда 29 кәсіпорын бар екен). Кәсіпкер сонымен қатар жергілікті өндірушілердің әлі күнге дейін ескірген жабдықпен жұмыс жасап жүргеніне назаланды. Бұл да өнім сапасынан көрініс береді.

«Жасыл Орман» Орман шаруашылығы және ағашты қайта өңдеу ұйымдары қауымдастығының төрағасы Думан Қыдырбаев тек қана ұзақ мерзімдік келешекке өнеркәсіптік плантациялық егістер отырғызудың тартымдылығын атап өтті, ал кәсіпкерлер табысты жылдам табуды мақсат тұтады. Сондықтан да, оның айтуынша, орман шаруашылықтарын дамыту үшін мемлекеттік қолдау құралдары қажет, сонымен бірге, экономиканың орман ісі секторын дамыту жөніндегі мемлекеттік бағдарлама жасау қажет.

Қарлығаш ЖҮСІПБЕКОВА


Ұқсас жаңалықтар:

Еншілес ұйымдар

Серіктестер